Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту: ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша Ұлттық жоба аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. 2024 жылы 460 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, 2025 жылы тағы 195 МСАК нысаны пайдалануға берілмек.

Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер телемедицина, физиотерапия кабинеттерімен, зертханалармен және дәріхана пункттерімен жабдықталған. Ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасады, олар КТ, МРТ және ангиографтармен жабдықталады.