Маңызды өзгерістер талқылануда

Бостандық ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Іс-шара “AMANAT” партиясы Бостандық аудандық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Осы бағыттағы кезекті кездесу Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымымен өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға жоспарланып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен мемлекеттік реформалардың мәні туралы кеңінен ақпарат берілді.

Кездесуде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Итеменұлы Көлдеев сөз сөйледі. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы Уалихан Ақыпбекұлы Ахатов пен Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Құттыбайұлы Рахменшеев өз пікірлерін білдірді.

Жиын соңында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Ержан Болатбекұлы Сералин қорытынды сөз сөйлеп, ұсынылған бастамалардың қоғам дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар ұсынылған жаңашылдықтардың қоғам өміріне ықпалы жөнінде пікір алмасып, өз ойларын білдірді.

Анықтама үшін:

15 наурыз күні Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.