«Код көк» және BLS бағдарламасы бойынша қызметкерлерді оқыту

«Апорт» филиалының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мырзабекова Динара Рысбаевна сертификатталған жаттықтырушы ретінде дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне «Көк код» бағдарламасы және BLS (негізгі жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша тұрақты түрде оқыту жүргізеді.

Бұл өз кезегінде медицина қызметкерлерінің білім деңгейін жоғары деңгейде ұстап, шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда нақты әрекеттерді меңгеруіне ықпал етеді.