Ораза Айттың бірінші күні

Бүгін, Балалар жұқпалы аурулар аураханасында Ораза Айттың бірінші күні мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы тойланып өтті.

Айтулы мереке ұлттық композициямен бастау алып, ауруханамыздың қадірлі қонағы, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Табынбаев Нариман Болтайұлы арнайы құттықтау сөзімен ашып берді.

Қызметкерлеріміз ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды тамашалады. Мекемеміздің басшысы Сералин Ержан Болатбекұлы мен кәсіподақ басшысы Өрікбаева Зинаида Жұмабекқызы ұлттық ойындарды жаңғыртып, жарыс-сайысқа қатысқан әріптестерімізге бағалы сыйлықтарды ұсынды.

Құрметті қонақтарымыздың ішінде қалалық ауруханалар мен емхана басшылары да болып, ұжымымызға құттықтау арнады. Құрметті әріптестер, жолдастар, қызметтестер, мереке құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!