Ауруханалық Фармацияның ашылуы


Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында Госпитальдық фармация бөлімшесі ашылып, дәрілік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа кезең басталды 2026 жылғы 17 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-ның «Апорт» филиалында Госпитальдық фармация бөлімшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға дәрілік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырудағы жаңа кезеңнің бастамасы болып табылады.

Жаңа құрылымдық бөлімшенің ашылуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған клиникалық фармакология бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылып, Медицина қызметкері күніне орайластырылды.

Салтанатты іс-шараға аурухана директоры Ержан Сералин қатысып, клиникалық фармакология қызметін дамыту мен стационар жағдайында дәрілік қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Госпитальдық фармация бөлімшесінің құрылуы дәрілік терапияны басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға және дәрілік заттарды халықаралық стандарттарға сәйкес ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді медициналық ұйымның басшысы.

Госпитальдық фармация бөлімшесі – аурухананың мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі. Оның қызметі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын жоспарлаудан бастап, оларды пациенттерге қауіпсіз әрі тиімді қолдануға дейінгі барлық кезеңдерді ұйымдастыруға және бақылауға бағытталған.

Бөлімшенің басшысы болып клиникалық фармакология бөлімшесінің меңгерушісі, клиникалық фармаколог Мұхитова Динара Төрегелдіқызы тағайындалды.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

Госпитальдық фармация бөлімшесінің ашылуы педиатрия саласындағы клиникалық фармакология мен дәрілік қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бөлімше Алматы қаласының балаларына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ рационалды фармакотерапия саласындағы халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.