МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ЕСКЕРТПЕ
Балалар қалалық жұқпалы аурулар қызметкерлері 30.04.2025ж. сағат 11.00 де өткен жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға қатысып, төтенше жағдайға дайындықтарын көрсетті.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ЕСКЕРТПЕ
Жалпы әрекеттер:
Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз.
- Жағдайды бағалаңыз: өзіңіздің және науқастардың қауіпсіздігін тексеріңіз.
- Газды, суды және электр қуатын өшіріңіз, егер бұл қауіпсіз және мүмкін болса.
- Лифтіні пайдаланбаңыз. Діріл тоқтағаннан кейін баспалдақпен эвакуация жасаңыз.
- Мекеме басшылығының нұсқауларын және эвакуация жоспарын орындаңыз.
Медициналық персоналдың әрекеттері:
- Науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз: оларды терезелер мен ауыр заттардан алыс қауіпсіз аймақтарға орналастырыңыз.
- Эвакуацияға қажетті медициналық құжаттар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз.
- Қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
- Діріл тоқтағаннан кейін барлық науқастар мен персоналдың бар-жоғын тексеріңіз.
- Төтенше жағдай кезінде қабылданған шаралар мен оқиғаларды құжаттаңыз.