Ішек инфекциялары: еске салғыш
Қалай жұғады: кір қол, жуылмаған көкөніс пен жеміс, лас су, дұрыс пісірілмеген тағам.
Белгілері: іш өту, құсу, іштің ауыруы, қызу, әлсіздік.
Асқынулары: сусыздану, тырысулар, есінен тану, сепсис, балаларда — жағдайдың тез нашарлауы.
Дәрігер келгенше алғашқы көмек:
- Жылы суды немесе «Регидрон» сияқты ерітіндіні аз-аздан ішкізу.
- Сүт өнімдерін, майлы және тәтті тағамдарды бермеңіз.
- Дәрігер тағайындамайынша іш өтуге қарсы дәрі бермеңіз.
- Тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
- Қызу жоғары болса — жасына қарай қызу түсіретін дәрі беру.
Алдын алу:
- Қолды тамақ алдында және дәретханадан кейін жуу.
- Көкөніс пен жемісті жуу.
- Тек таза суды ішу.
- Тағамды дұрыс сақтау және пісіру.
- Балаларға үйдің тамағын беру.
- Базарлардан, көшеде сертификатталмаған немесе күмәнді сатушылардан тамақ сатып алмау.