Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Бүгін ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-да бөлімше меңгерушілері мен дәрігерлерге арналған «Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында оқу семинары өткізілді.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаларының талаптары, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды.
Семинар аясында медициналық ұйымдағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, пациенттер мен қызметкерлерді эвакуациялау тәртібі, бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай оқыту іс-шаралары қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және мекемеде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған оқу семинары мекемеде қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы жұмыстар аясында ұйымдастырылды.