СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ӘРБІР ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – медициналық ұйымның әрбір қызметкерінің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында комплаенс-офицер Ғалымжан Құлманов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және медициналық ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелерін түсіндірді.

Кездесу барысында заңдылық, ашықтық, адалдық қағидаттарын сақтау және әрбір қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды орындаудағы жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сенімді нығайтуға және медициналық ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.