Семинар дәлелді медицина негізінде дәрілік заттарды ұтымды қолдану тақырыбына арналды. Фармакотерапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған халықаралық клиникалық нұсқауларға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, педиатриялық тәжірибеде қолданылатын RILS (rational, individualized, logical, safe) қағидаттары қарастырылды — бұл тәсіл емдеуді дараландыруға, дәрілерді таңдаудың қисындылығына және балалар үшін ең жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса мән береді.