Қызылша бойынша Семинар

Бүгін Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлерге арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинар лекторы — медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар инфекционисі, кафедра меңгерушісі Баешева Динагүл Аяпбекқызы.

Семинар тақырыбы:

«Қызылша: клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы. Өткеннің сабақтары, қауіп тобындағы балалар үшін терапевтік терезе».

Іс-шара аурухананың акт залында офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, балалар жұқпалы аурулары саласының мамандарын біріктірді.

Кіріспе сөзінде профессор Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметіне жоғары баға беріп, оның клиникалық тиімділігі жоғары, ұйымдастырушылық деңгейі қалыптасқан, эпидемиологиялық тұрғыдан тұрақты әрі қаржылық жағынан орнықты мекеме екенін атап өтті. Сондай-ақ пациенттердің қанағаттану деңгейінің жоғары екенін ерекше айтты.

Профессор аурухананың Симуляциялық орталықтың жұмысына да тоқталып, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және мамандарды даярлауда, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда әрі практикалық дағдыларын жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Семинар барысында балалар арасындағы қызылшаның өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, күрделі терапиялық жағдайлар бойынша оқу клиникалық кейстер ұсынылды. Сонымен қатар қауіп тобындағы балаларда аурудың өту ерекшеліктері қарастырылды.

Осындай іс-шаралар дәрігерлердің біліктілігін арттыруға және балаларға мамандандырылған медициналық көмектің сапасын нығайтуға ықпал етеді.