Қабылдау бөлімінің дәрігерлерімен Семинар

Бүгін, 31 Қаңтарда инфекциялық бақылау жөніндегі директор орынбасары Дюсенова З. Б. және эпидемиолог Тұрсынова Н. З. патогендердің генетикалық материалын анықтау үшін ауыр жедел респираторлы инфекциялар кезінде талдау алу көрсеткіштері мен ережелері бойынша қабылдау бөлімшесінің дәрігерлерімен семинар өткізді.

Адамның биологиялық материалында (мұрын қуысының жағындылары мен шайындылары) респираторлық синцитиальды вирус (hRSv), метапневмовирус (hmpv), риновирус (hr v), 1-4 типті парагрипп вирусы (hPiv 1-4), аденовирус ДНҚ (HADV) және бокавирус (hbov) РНҚ анықтау арқылы жедел респираторлық ауруларды зертханалық диагностикалау мәселелері талқыланды.