Мамандыққа берілгендігіңіз үшін рахмет!

Медицина қызметкері күні қарсаңында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы жоғары санатты дәрігер, ИВБДВ үйлестірушісі Жексейтова Галия Арынқызына шынайы алғысын білдіреді.

Галия Арынқызы өз еңбек жолын 1986 жылы бастап, балалар денсаулығын қорғау саласында 40 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келеді. 2000 жылдан бері ауруханада дәрігер-инфекционист, бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарып, бүгінде интеграцияланған балалар ауруларын басқару бағдарламасының үйлестірушісі ретінде еңбек етуде.

Өз ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде әріптестері мен пациенттердің зор құрметіне ие. Көпжылдық еңбегі үшін «Алтын дәрігер», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Галия Арынқызына зор денсаулық, отбасылық амандық және жауапты қызметінде толағай табыстар тілейміз!