Алматы қаласындағы БҚКЖАА-да Халықаралық мейіргер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

12 мамыр күні ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК-да Халықаралық мейіргер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара мейіргер мамандығының беделін арттыру, жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіру және ұжымның корпоративтік рухын нығайту мақсатында өткізілді.

Халықаралық мейіргер күні жыл сайын заманауи мейіргер ісінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейл туған күніне орай атап өтіледі. Бұл күні күн сайын кәсіби шеберлік, мейірім мен жанашырлық танытып жүрген мейіргерлерге ерекше құрмет көрсетіледі.

Іс-шара барысында аурухана басшылығының, кәсіподақ ұйымы өкілдерінің және құрметті қонақтардың құттықтау сөздері айтылды. Аурухана директоры Ержан Сералин орта буын медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, мейіргерлерге мамандыққа адалдығы мен жоғары жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.

Мерекелік кеште үздік қызметкерлер Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар шығармашылық нөмірлерін ұсынған командалар:

Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша марапаттар табысталды:

Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлермен, бейнероликтермен және қызметкерлердің шығармашылық қойылымдарымен жалғасты. Сонымен қатар жас мамандарды мамандыққа қабылдау рәсімі өтіп, ол ұрпақтар сабақтастығы мен мейіргер ісінің дәстүрлеріне адалдықтың символына айналды.

Осындай іс-шаралар кәсіби қауымдастықты нығайтуға, қызметкерлердің ынтасын арттыруға және медициналық ұйымның оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

БҚКЖАА ұжымы барлық мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, амандық, таусылмас күш-қуат және еңбектеріне табыс тілейді. Сонымен қатар, салтанатты кештің жоғары деңгейде, әсерлі әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтуіне өнер иелері де өз үлестерін қосты. Қонақтарға әсем ән мен ерекше атмосфера сыйлаған:

Өнерпаздардың жарқын өнері мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шығармашылық бағдарламасы мерекелік кештің сәнін келтіріп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.