БҚКЖАА Емдеу-бақылау комиссиясының отырысы өтті

2026 жылғы 14 шілдеде ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК көрсетілген медициналық көмектің сапасын жан-жақты талдау, қауіп факторларын анықтау және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында №3 Емдеу-бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Алматы қаласының медициналық ұйымдарының басшылары мен мамандары, бейінді бөлімшелердің меңгерушілері, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен медициналық жоғары оқу орындарының профильдік кафедраларының өкілдері қатысты.

Баяндама жасағандар: №22 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Дилмағанбетова Г.А. және ДГКИБ жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Мансурова М.А. Сараптамалық қорытындыны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жалпы практика кафедрасының PhD, доценті Шин А.Л. ұсынды.

Баяндамаларды №28 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Жанетов Ж.И., «Саялы» филиалының жауапты дәрігері Имиджанов Р.А., ДГКИБ жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Сраилова Д.М. жасады. Сарапшы ретінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Қатарбаев А.К. сөз сөйледі.

Талқылау барысында комиссия мүшелері медициналық көмектің көрсетілу кезеңдерін, диагноз қоюдың уақтылығын, пациенттерді жүргізу тактикасын, қолданыстағы клиникалық хаттамалардың сақталуын және медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың ұйымдастырушылық аспектілерін жан-жақты талдады.

Отырыс қорытындысы бойынша медициналық көмектің сапасын арттыруға, пациенттерді бағыттау жүйесін жетілдіруге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған қорытындылар мен ұсынымдар қабылданды.

Емдеу-бақылау комиссияларының тұрақты өткізілуі медициналық көмектің сапасын ішкі бақылау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл кәсіби қызметті үздіксіз жетілдіруге, озық клиникалық тәжірибелерді енгізуге және пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.