Дәрігерлер мен қызметкерлерге тұмауға қарсы вакцинация жүргізілді

Біздің балалар инфекциялық ауруханасында қызметкерлерге тұмауға қарсы вакцина салынды.

Медициналық мекемелерде тұмаудың алдын алу ерекше маңызға ие. Өйткені дәрігерлер мен медбикелер күн сайын иммунитеті әлсіз балалармен байланыста болады. Вакцинация тек қызметкерлердің өздерін қорғап қана қоймай, сонымен бірге балалар арасында инфекцияның таралу қаупін төмендетеді.

Вакцинацияның негізгі мақсаттары:

Тұмауға қарсы вакцина жыл сайын жүргізіледі, себебі вирус өзгеріп отырады. Тек уақытылы жасалған иммундау ғана ағзаның тиімді қорғанышын қалыптастырады.

Біз қызметкерлеріміздің және кішкентай науқастарымыздың денсаулығын басты назарда ұстаймыз. Денсаулығы мықты медициналық персонал – сапалы әрі уақтылы көмек кепілі.