2022 жылдың 16 наурызында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының «Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай біздің эпидемиолог мамандардың қатысуымен науқастармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Балалардағы туберкулезді жұқтырудың алдын алу әдістері, перзентханадағы екпенің маңыздылығы, жөтелге қарсы этикеттің сақталуы, бетперде режимі, аурудың белгілері, салауатты өмір салтын қалай сақтау керектігі талқыланды.