Главная / Мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар мен жауаптар
Мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар мен жауаптар
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру (мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Пациенттің өтініші (емделуге келісімі) және құжаттары (жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіз болып табылады.
Үзінді-көшірмені ұсыну кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді-көшірме беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін тегін беріледі.
Емдеуші дәрігер көшірменің 2 данасын ресімдейді:
Үзіндінің түпнұсқасы бекітілген үлгіде рәсімделеді, емдеуші дәрігердің қолы қойылады, жеке дәрігерлік мөрмен расталады.
Бұдан әрі үзіндінің түпнұсқасы бөлімше меңгерушісімен тексеріліп, қол қойылады және клиниканың мөрімен расталады.
Ресімделген үзінді пациентке немесе оның заңды өкіліне стационардан шығар алдында беріледі. Осы дана сондай-ақ пациентті шығарғаннан кейін бақылауға жауапты тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкеріне арналады.
Үзіндінің бірінші көшірмесінде пациенттің заңды өкілі қол қояды және пациенттің немесе заңды өкілдің үзінді көшірмені алғаны туралы куәландырады. – Бұл көшірме стационарлық науқастың медициналық картасына тігіледі. – — Көшірменің көшірмесі шығарылғаннан кейін пациентті бақылауға және емдеуге жауапты дәрігерге немесе медицина қызметкеріне арналады. Басқа ұйымға ауыстыру кезінде үзінді-көшірме пациентпен бірге тасымалданады.