Благодарность врачу от пациента

Благодарности пациентовВидео-благодарностиФото-благодарностиФайлы-благодарности

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
132 entries.
Ниязова Венера Багдатовна
Обращение Глав. Врачу !!! Хочу искренне поблагодарить весь медперсонал инфекционной больницы по Байзакова 299 а....! отделение 8, палата 6 ! Мы все чрезмерно благодарны Глав. Врачу и зав . Восьмого отделения ! Убедительно прошу и просим выделить премии всему мед. Персоналу ! Все сообща прилагают максимальные усилия для создания условии скорейшего выздоровления ! Что и произошло с нами ! Мы с малышом, попав в 8 отделение, в первую очередь бросилось в глаза идеальный порядок, чистота, которую в доме не можем создать ! - в столовой - в сан/узлах - В палатах - в процедурой... Это всё помогло нам в невозможно - кратчайщие сроки выздороветь ! Высокий профессионализм и добросовестное отношение невозможно не отметить высокими словами, невозможно подобрать слова ! Насколько все, без исключения, грамотны, точны и быстрые в действиях ! Максимальное внимание, приложенные усилия и желания помочь больным детям ощущается во всём !!! Прошу Вас обратить внимание на моё письмо и выдать не только грамоты за их искреннее отношение и тяжелейщий труд, но и решить вопрос выдачи премии !!! Эти поощрения помогут и простимулируют другие отделения ! В этом я твёрдо уверена ! Восьмое отделение - это пример не только другим отделениям, даже другим больницам г. Алматы ! Хочу отдельно выделить и дважды подчеркнуть заслуги лечащего врача, которая смогла быстро поставить на ноги ! Это подчёркивает её высокую квалификацию! !!! Ниже хочу перечислить Ф.И.О. Отдельно хочу дважды выделить и дать высокую оценку нашей буфетчицы ! Молдабекову Айгуль ! Своевременная подача еды и тёплое отношение к больным ! Всегда спрашивает понравилась ли еда... А какая чистота! Всегда ухоженнаяи опрятная ! Очень сильно в глаза бросается максимальная гигиена и стерильность во всём !!! Руки всегда в перчатках ! Посуда в идеальной чистоте ! Чувствуется знание инструкции кормления больных и их строжайщее соблюдение ! Безупречное отношение к работе и людям! Ощущается любовь к своей работе и людям !!! В столовой и в холодильниках идеальный порядок ! Удивило то, особенно заметно то, что следит за дистанцией при раздаче еды! Где она мягко и без грубости объясняет что близко к еде подходить нельзя ! Это одна из основных правил при раздаче еды !!! Замечая всё это мне захотелось именно сегодня написать ...в день выписывания нас !!! Дай ей здоровья и всегда быть такой ! Благодарю всех мед. Сестёр без исключения , всех санитарок !!! Которые создали максимыльный комфорт и гигиену !!! Старшую мед. Сестру , которая смогла взять на контроль по обеспечению всех дез. средств для руки, для унитазов и.т.д. Видно что санитарки все имеют высокий профессионализм и безупречное исполнение всех инструкции ! Можно ли найти слова благодарности и словами трудно передать всё то состояние, которое вызвано работой всего персонала.. Хотелось бы это письмо попало: - Глав. Врачу - Акиму - Мин. Здрав. И журналистам ! Которые бы отдали это письмо во все средства массовой информации !!! Пусть исполнятся все мои пожелания !!! Крепкого здоровья всем вам ! Без вас мы не смогли бы побороть все болезни ! Как здорово, что есть такие люди на Земле ! ФИО : -леч. Врач : Калдыбаева Мадина Мейрамовна -второй врач других пациентов : Аймухамбетова Гульжайна Турегалиевна (другие больные БЛАГОДАРНЫ !!! ) - медсестры - буфетчица : Молдабекова Айгуль - все санитарки без исключения !!! Прошу Глав. Врача обратить внимание на моё искреннее письмо и без внимания не оставить !!! Прошу Вас убедительно !!! С ув. Ниязова Венера Багдатовна Малыш : Молдамалик Алихан. 8 отделение 6 палата.
Мурат Айсултан
Биз бугин больницадан шыгып жатырмыз Рахмет айткым келип еди врачымыз Адилет Ерланбековичка анализдерди тусиндирип баланын жагдайына карап кайта кайта келип отырды.Рахмет ❤️ Медсестра санитаркалар апайларга рахмет 2 отделение медсестры❤️😍
Халилова Мадина Махмадсаидовна
Біз 23 февраль күні Филиал Саялы 1отд отделениеге корь диагнозбен түстік . Зав отделение Галым Еркинович болды . Галым Еркиновичке көп рахмет біз түскелі емдерін жүргізіп жиі кеп тексеріп жақсы қарап баламды корь диагноздан жазып шықты .Өте білікті врач ,өз мамандығының нағыз иесі . Және осы отделениеде жұмыс жасап жатқан медсестра қыздар Азиза Феруза Арай деген қыздарға алғысым шексіз .Барлық назначениелерді өз уақыттарымен орындап системаларымызды дәрілерімізді таратып отты. Санитарка буфет апайларғада рахмет палаталарды 3 мезгіл тазалап тамақтарымызды беріп отырғаны үшін . Барлық 1отделение қызметкерлеріне көп рахмет
Aslanova luana
Врачи супер, медсестры улыбчивые каждый полчаса заходят спрашивают всели хорошо что нибудь нужно , делают уколы, ставят стены дают лекарство пишу благодарность, санитарки чистоплотные в день 2 раза моют вану,вытирают пол часто все супер все идеально спасибо всем
Төлегенова Құралай Серіктайқызы
Мен қызым Ясина ауырып Саялы больницасында жатырмыз. Главный медсестраға рахмет күнде келіп халімізді сұрап кетеді. Клара Жаксыгалиевна врачымызға өте ризамын өте мықты , білікті маман екен. Жанашыр, мейірімді кісі. Адаммен өте жақсы сөйлеседі. Қызым жазылып келе жатыр. Айжан медсестраға рахмет көп көп қолы өте жеңіл. Балаларды жақсы көреді. Махаббатпен істейді екен жұмысын. Тамақтары өте дәмді. Палата тап таза уборка жасай береді қайта қайта. Өте керемет больница екен. Барлық ұжымға көп Рахмет!
Сұлтанғазина
Біз балалармен инф.больница 2-отделение Саялыда болдық. Мед. персонал өте күшті. Әсіресе буфетщица, медсестралар өз істерінің маманы. Іші таза, барлық жағдай жасалған. Көп рақмет!
Абдуллина Раяна Радуллиновна
Лежали и лечились во 2 отделении в инфекционной больнице на Саялы, врач Галым Еркинович. Мед.персонал вежливый, отзывчивый, главное оперативный. В оулучшениетделении в палатах чисто, уборка своевременная, еда больничная вкусная. Лечение корректное, с первых дней состоянии ребенка пошло наилучшими.
Мәтен Гауһар Хамидиқызы
Жақсы қарады дәрігерлер өте мейірімді.асхана тамақтары өте дәмді,санитарлық кісілер өте жақсы таза,сестра хозяика тәте күнде тексеріс жасап бізбен сөйлесіп тұрды .өте тамаша мейірбике
Абдуллина Раяна Радуллиновна
Лежали и лечились во 2 отделении в инфекционной больнице на Саялы, врач Галым Еркинович. Мед.персонал вежливый, отзывчивый, главное оперативный. В оулучшениетделении в палатах чисто, уборка своевременная, еда больничная вкусная. Лечение корректное, с первых дней состоянии ребенка пошло на .
Төлегенова Құралай Серіктайқызы
Біз балалармен инф.больница 2-отделение Саялыда болдық. Мед. персонал өте күшті. Әсіресе буфетщица, медсестралар өз істерінің маманы. Іші таза, барлық жағдай жасалған. Көп рақмет!
Төлегенова Құралай Серіктайқызы
Мен қызым Ясина ауырып Саялы больницасында жатырмыз. Главный медсестраға рахмет күнде келіп халімізді сұрап кетеді. Клара Жаксыгалиевна врачымызға өте ризамын өте мықты , білікті маман екен. Жанашыр, мейірімді кісі. Адаммен өте жақсы сөйлеседі. Қызым жазылып келе жатыр. Айжан медсестраға рахмет көп көп қолы өте жеңіл. Балаларды жақсы көреді. Махаббатпен істейді екен жұмысын. Тамақтары өте дәмді. Палата тап таза уборка жасай береді қайта қайта. Өте керемет больница екен. Барлық ұжымға рахмет
Aslanova luana
Врачи супер, медсестры улыбчивые каждый полчаса заходят спрашивают всели хорошо что нибудь нужно , делают уколы, ставят стены дают лекарство пишу благодарность, санитарки чистоплотные в день 2 раза моют вану,вытирают пол часто все супер все идеально спасибо всем.
Тайрабекова Самал
Благодарность сотрудником Инфекционная больница филиал Саялы, 6 отделения -11 палата. Леч. Врач Жеңіс Эльнара Серікжанқызы, Мед сестра Айжан, Нурбибі ханым, очкнь благодарно, что очень хорошо оьращаеися за 5 день, стала улучшение ребёнка, палата чистая, санитарком тоже ограмная благодарность.
Берікбол Ақбота
Филиал Саялы 6 отделение врач Жеңісқызы Э.С күтім жоғары деңгейде. Баламның сауығып кетуіне жақсы ат салысты, жүгіріп дәрі дәрмегімізді беріп жүрді. Врач, медсестра, санитарка тәтелерге үлкен рахметімді айтамын!
Турлыбаева Г.О.
6 айлық қызым қатты науқастанып, іші тоқтамай өтіп, 20.02.26 күні Саялыдағы инфекциялық балалар ауруханасына түстік. Келген сәттен бастап, 6 отделениенің барлық дәрігерлері жұмыла жүгіріп, жағдайды қатаң бақылауға алып, жедел көмек көрсетті. Әуелі Алланың, сосын дәрігерлердің арқасында қызымның жағдайы тез жақсарды. Жанашырлығы мен жауапкершілігі үшін Руслан Артуровичке, Бекзат Сағымбековнаға, Эльнора Серикжановнаға, Жазира Турсунбаевнаға көп рақмет! Емдеуші дәрігер Исакулова Клара Жаксыгалиевнаға ерекше алғыс айтамын. Қызымның жағдайына алаңдап, көмектерін аямаған процедура медбикелері Айгүлге, Нұрбибіге, Райгүлге, медбикелер Айгүл, Асем, Асем, Айжан, Гүлжанға және санитарка апайларға, ас таратушы апайларға алғысым шексіз. 6-бөлімшенің барлық қызметкерлеріне Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте абыройлы және табысты болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
Ержанулы Мухаммед Али
Мед персонал оте Керемет жугирип журип кызмет етеди кал жагдайымызды сурап Алла разы болсын тазалыгыда Керемет апайлар Бари мейиримди Саялы 2 отделения 3 палатада жаттык кызметкерлерге риза болдым улкен Рахмет енбектериниз багаланса екен
Ахметова Бахыт Аманбаевна
Благодарность Детской Инфекционной Больнице возле Апорта по Райымбека отделение 7 всем сотрудникам . Процветания , благополучия . Сотрудники вежливые. Получили лечение .
Нұрсадық Аяулым Бақытжанқызы
Саялы 6 отделение Жеке дәрігерге Жеңіс Э.С алғыс білдіреміз балама жедел түрде көмек беріп барлық сұрақтарыма жауап беріп барлық жағынан жақсы қарады,жұмысыңызға табыс тілеймін.Сондайақ осы отделениеде жұмыс жасап жатқан барлық мед персаналдарға,еден жуушы,ас таратушы апайларымызғада алғыс айтамын, ол кісілердіңде жұмысына табыс от басына амандық тілеймін🥰
Амантаева Ұлбосын Қайратқызы
Медсестра Торғынға алғысым шексіз өз ісінің маманы қолы өте жеңіл екен система салғанда тамырға бірден түсті, өте сыпайы келген сайын жағдай сұрап адал, өз ісінің маманы!!!! Премияға ұсынар едім. 7 блоктағы медсестра. Тоқсабаева Алия медсестра дәрі уколдарды өз уақытында ішуді салуды қатаң қадағалайды екен. Балам жағдай нашар болып жылап жүргенімде жылы сөздерімен үміт оятып бәрі жақсы болады деп қолдау білдіреді. Қандай керемет мамандар!!! Алғысым шексіз❤️
Кожахметова Балнур
Детский инфекционный больницага рахмет. Қызымның жазылуына үлес қосқан дәрігерлерге, медсестраларға. Ішінде тамақ берген аспазшы Құралхан тәтеге үлкен рахмет. Санитарка Алия мен Нүргүлге рахмет, бәрін тиянақты тазалап жұмыстарын адал жасады. Бір минус капельница қойғанда бір реттен түспей 5 рет түсті қызыма, сол қиын болды. Жалпы рахмет айтамын.

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына және 6-бөлімшенің дәрігері Ордабек Карлыгаш Сембековнаға балаларымның сапалы емі, жоғары кәсібилігі және мейірімді қарым-қатынасы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Асқар Айкөркем, 14.12.2025 ж.

Диагнозы: ауруханадан тыс бронхопневмония, вирусты гастроэнтерит.

Асқар Дінмұхаммед, 14.06.2022 ж.

Диагнозы: ЭВИ, орташа ауырлықтағы ЖКФ, жедел бронхит.

Дәрігердің сауатты емінің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында балаларымның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз және өз мамандықтарыңызға деген шынайы жанашырлықтарыңыз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыс білдіруші, анасы.


 

Апорт Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Апорт филиалының ұжымына, сондай-ақ №3 «Модуль» бөлімшесінің дәрігерлеріне баламды сапалы емдеп, кәсіби шеберлік пен жанашырлық танытқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Менің балам — Төлен Алихан Азаматұлы, 09.05.2025 ж.т., «ЭВИ, жедел бронхит+ оң аяқтың тілмесі» диагнозымен, орташа ауырлық дәрежесінде ем қабылдады.

Емдеуші дәрігер Баймағамбетова Балжан Абдрахманқызына және бөлім меңгерушісі Қасымбекова Әлия Бейсенбайқызына ерекше алғысымды білдіремін. Дәрігердің білікті емінің, уақытылы көрсетілген көмектің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында баламның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыспен, анаcы.


 

Мен пациент Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы, 2026 жылғы 30 наурызда «Менингоэнцефалит» диагнозымен ауыр жағдайда Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен қызымыздың өмірін сақтап, оған жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткен барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Дария ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлер тарапынан жедел әрі кәсіби шешімдер қабылданып, шұғыл түрде консилиум ұйымдастырылды. Әрбір минуттың маңызды екенін түсініп, дер кезінде нақты диагноз қойылып, тиімді ем тағайындалды. Үздіксіз бақылау, жан-жақты әрі сапалы емдеу шараларының нәтижесінде қызымыз толық сауығып, қалыпты өміріне оралды. Бұл – ақ халатты абзал жандардың білімінің, тәжірибесінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.

Осы орайда, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ешибекова Жумагуль Рахымбердиевнаға, жоғары білікті мамандар, профессорлар Куттыкужанова Галия Габдуллаевнаға және Ералиева Ляззат Тасбулатовнаға, сондай-ақ №9 бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз біз үшін үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Сонымен қатар, Дарияның күтімі мен емін үздіксіз қамтамасыз еткен барлық дәрігерлерге, мейірбикелерге және кіші медицина қызметкерлеріне де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрбір науқас үшін баға жетпес қолдау екені сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, абырой мен құрмет тілейміз. Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, талай жанға өмір сыйлай берулеріңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен, Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы


 

Хочу выразить искреннюю благодарность врачам ДГКИБ, отделения Саялы, за профессионализм, внимательное отношение и заботу о здоровье моего сына — Масаидое Мухаммедамира Машрабая, гражданина Узбекистана, который поступил с диагнозом «острый тонзиллит».

От всей души благодарю:

  • Галыма Еркиновича,
  • Маншук Бакытбековну, а также старшую медсестру Назерке за чуткость, поддержку и высокий уровень медицинской помощи. Благодаря вашему труду, вниманию и доброте мой ребенок получил необходимое лечение и заботу.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и успехов в вашем благородном деле!

С уважением, мама пациента.


 

Құрметті дәрігерлер мен медбикелер!

Біздің кішкентай пациентіміз, 11 айлық Касенова Мариям және оның анасы Касенова Алмагүл, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Қызылша, пневмония» диагнозымен келгенде, сіздердің кәсіби қамқорлықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз арқасында Мариям толық сауығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ 1 бөлімшенің меңгерушісі Гулянда Абдыкаримовна мен емдеуші дәрігер Гаухар Калдыбековнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің мейірімділігіңіз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен ризамыз. Аналарға дер кезінде Қызылшаға қарсы екпе алуды сұраймын. Енді біз ешқашан қорықпаймыз, өйткені сіздердің қамқорлығыңыз әрдайым бар екенін білеміз.


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Біздің бүлдіршініміз, Жылыбек Диляраның анасы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының «Саялы» филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан кезінде көрсеткен ерекше мейірім мен қамқорлығыңыз үшін директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гүлназ Үсеновнаға, аға медбике Индира Кумисбаевнаға, сондай-ақ бөлімше медбикелері Қарлығаш, Диана, Айдана, Лаззатқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің әрқашан жылы қабақ танытып, көмектесуге асыққандарыңыз – біздің жүрегімізге қуаныш сыйлайды.

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке мерейіңізге қуаныш, отбасыңызға бақыт, ал жұмысыңызға шабыт әкелсін. Ақ халатты абзал жандарымыз әрдайым аман, мейірімді және бақытты болсын!


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар! Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының

Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Жайлаубаева Айниса атынан алғысымызды білдіреміз.

Жайлаубаева Қуаныш, Жайлаубаева Айниса– анасы

Алғысымызды білдіреміз:

  • Директордың орынбасары Руслан Артурович
  • Емдеуші дәрігер Гульназ Усеновна
  • Санжар Ерланұлы
  • Бөлімше медбикелеріне

Сіздерге балаларымыздың денсаулығына көрсеткен қамқорлығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.


 

Сіздің мейірімділігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Енді мен ешқашан қорықпаймын.

6 жастағы кішкентай пациентіміз Жардем Елхан 2026 жылдың 11 ақпанында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Менингоэнцефалит» диагнозымен түсті. 21 күн бойы үздіксіз ем қабылдап, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында құлан-таза айығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ профессор Куттыкужанова Галия Габдуллаевна, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Кененбаева Алия Гауазовна, 9-бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловна кішкентай жүрегімен шексіз алғыс білдіреді.


 

Здравствуйте!

В воскресенье мы с сыном поступили в Детскую инфекционную больницу с диагнозом «корь». После сдачи ПЦР-анализа нам было назначено и проведено необходимое лечение. Как отец, я очень переживал за состояние ребёнка.

Хочу выразить особую благодарность заведующей 1-го отделения Кулянде Адикаримовне за её чуткость, профессионализм и внимательное отношение. Также искренне благодарю всех врачей и медицинских сестёр, которые наблюдали и лечили моего сына.

В больнице поддерживается чистота, все лечебные процедуры проводятся тщательно и организованно, работа выстроена системно и находится под контролем. Чувствуется высокий уровень ответственности и профессионализма всего коллектива.

От всей души благодарю весь персонал за ваш нелёгкий труд, заботу и поддержку!

С уважением, папа Арзиева Алана


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Байзақов көшесі, 1-бөлімше ұжымына

Мен, Қаржауов Өміржанның анасы, шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз Шымкент қаласынан өте ауыр жағдайда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түстік.

Емдеуші дәрігеріміз, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Гауазовнаға, 1-бөлімше меңгерушісі Гуланда Абдыкаримовнаға, Зинаида Жумабековнаға және барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге шексіз ризашылығымды білдіремін.

Балам қызылша (корь) және пневмония диагнозымен ем қабылдады. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында балам сауығып, аяққа тұрды. Қазір Аллаға шүкір, ойнап-күліп жүр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

Құрметпен, Қаржауов Өміржанның анасы


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесі, 5-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Базарбай Алиханның анасы Жексенбаева Жүрсіннің дәрігерлерге алғысы:

«Мен Актау қаласынан келдім, емдеуші дәрігеріміз Кульманова Әсем Жұмағалиқызына алғысым шексіз. Сондай-ақ 5-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін. Менің баламды емдеп, барлық емін жасады, өте ризамын!

«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, 6-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Берікбол Қуандықтың анасы Алмолдаева Бибисараның алғысы:
«Емдеуші дәрігеріміз Исакулова Клара Жақсығалиевнаға алғысым шексіз. Сондай-ақ Саялы филиалы 6-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін.
«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.
Осы ұжымды басқарып отырған аға дәрігер Руслан Артуровичке де мың алғыс!
Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Снигирёв Омар, Текучёва Виктория анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гульназ Усеновнага аға медбике Индира Кумисбаевна және бөлімше медбикелеріне шынайы алғысын білдіреді.


 


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №3 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Муслимнің анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Жансая Курбанхожақызына, аға медбике Бақыт Бүкеновнаға және шаруашылық бикесі Иманова Айнурға шынайы алғысын білдіреді.

Тіршілік үшін судың маңызы қаншалықты жоғары болса, бала өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың еңбегі де соншалықты орасан зор. Жылы сөзіңізбен демеу болып, кәсіби біліктілігіңіз бен жанашырлығыңызды танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық пен толағай жетістіктер тілейміз.