Благодарность врачу от пациента

Благодарности пациентовВидео-благодарностиФото-благодарностиФайлы-благодарности

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
170 entries.
Бахтияр Алиям
Галым Еркинович . 1отделения сотрудникам огромное спасибо , медсестры , санитары отлично выполняют свою работу, как не посмотришь не сидят без дела . Мы лежали с корью всё на высшем уровне . Огромное спасибо врачу Галым Еркиновичу за профессионализм . Мама Махаметжан Ирхан
Ахат Мадина Жанатқызы
Біз Саялыда , 3 отделениеде емделдік , емдеуші врач Санжар Ерланұлы ,старшая мед сестра Сапарбаева Эльвира Баулетбаевна , санитарка апай Амангүл апайға процедурная мед сестра Гүлім ханымға алғысым шексіз , әдейі аттарын сұрап жүрдім , адамгершіліктері мол, балаларға жүректерімен қарайды , өз істерінің мамандары , келген сайын бәрі дұрыс па ? Сұрақтарыңыз бар ма ? Көмек керек па деп келеді ? Кейбір заттарды ұмытып немесе дұрыс жасамасаң басқа больницалар сияқты ұрысу жоқ , өтініштер болса көмектесуге тырысатыны ұнады , адамның халін шын жүрегімен түсініп жағдайыңа кіріп , адамның өзін сөкпейді , алғысым шексіз 💋
Октябрь Венера
Галым Еркиновичу и инфекционной клинике спасибо за лечение! Ребенок выздоравил, хорошо смотрели, чисто и уютно! Все было оказана вовремя! Всех благ!
Амангельдинова Асем Амангельдиновна
От пациента Бигазиева Хакназара Хочу от всей души выразить огромную благодарность врачам и всему персоналу 10 отделения. С первых часов пребывания чувствовалась забота и внимательное отношение — в палате всегда чисто, полы моют несколько раз в день, кормят регулярно и вкусно, круглосуточно дежурят медработники.
Акылбаева Света
Немереммен 2 болимшеде жатып бугин шыгып жатырмыз.Биринши Алла одан кейн осы жерде жумыс жасайтын мед кызметкерлерине Рахмет. Маншук деген врач кызга рахмет жане де медбике кыздардын санитарка кыздардын барине Рахмет
Егенова Әйгерім Айдарқызы
Хочу оставить благодарность медикам и другим работникам Детской городской клинической инфекционной больницы . Были 12 дней ровно в 1 блоке и сегодня выписываемся. Во-первых, это чутькое отношение всех мед.персоналов начиная от всех медсестер дневных и ночных до лечащего врача Төрегелді А.А. Во-вторых спасибо повару Гульнар тате за вкусную и разнообразную еду, всегда накладывает еду с улыбкой и добротой. Ну и последнее это персоналу по чистоте. В день по 2 раза везде моют, протирают и наводят чистоту, что очень приятно находиться в палате. Успехов Вам и по больше хороших результатов в лечении всех диагнозов.
Мазаржанова А.А.
Саялы 2 бөлімі қызметкерлеріне алғысым шексіз. Уақытылы емдерді жүргізіп, жылы қабақ танытып, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды. Маншук Бакытбековнага рахмет врачымы
Авелхан Айсезім
Мен кызыммен Момышулы 1/55 детский больницада корьмен тустим. Врачымыз Галым Еркиновичка рахметимди айткым келеди жане де Диля Рая медсестраларга алгысым шексиз. Менин кызым тяжелый болып тусти больницага тунимен уйыктаймай журдим медсестра кыздар келип тунимен кызымды котерип комектесип демалып алыныз деп прямо медсестраларга риза болдым как будто платный больницада жаткандай болдым. Старшая медсестра Назерке сизге де рахмет келип жагдайымызды сурап палатанын тазалыгын карап кетип журеди.Осы коллективке алгысым шексиз.❤️❤️❤️
Касенова Айдана
Хочу искренне поблагодарить людей с большим сердцем которые действительно любят свою профессию, заведующего 5- го отделения Жорабек Гулназ образованный, грамотный врач, ставит точные диагнозы и точное лечение !!!А также наш лечащий врач Адлет Маханов профессионал своего с большим сердцем, Омарбекова Карлыгаш вообще медсестра с золотыми руками которая отлично ставит катетер детям!!
Каби Амир
Құрметті Саялы инфекциялық аурухананың букіл қызметкеріне улкен алғыс,мейрімді жандар екенсіздер, жумыстарынызға табыс, береке тілеймін,сіздердін емпектерініз зор көзім жетті , алғысым шексіз аман есен болыныздар. Бір өтініш, палата төрт анаға +4 балаға тар екен, оны сол палатада жатқанда сезіледі ,тусінем ауру балалар көп сондада соған көніл аударса басшы қызметкері .Кіші мед бике Исмаилова К сізге улкен алғыс өте мейірімді жан екенсіз.
Жарылкасынова Айтолкын Талгатовна
Мен Жексенбек Аруназ мамасы осы Саялыдағы инфекционный больница 5бөлімше медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Дәрігеріміз Жорабек Гүлнәз Үсенқызы өте білікті, білімді , мейірімді дәрігер. Мейірбикелер де өте мейірімді. Алғысым шексіз. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық, мол табыстар тілеймін .
Имирова Гульзадам Азатжановна
Ямама Аблизова Юнуса хочу выризить свою благодарность 3 отделению всем мед персаналом врачам Имиджанов Руслан Артуровичу ,Ерлан Санжарулы и мед сестрам Халия ,Эльвира и.т.д и санитаркам буфетчицы всем большое спасибо за заботу и за профессионализм 🎉🎉🎉
Фатима
Райымбек даңғылының бойындағы ДИБ-та қызыммен жаттым , қызыма корь шыққан. Отделениенің врачынан бастап медсестрасына дейін жұмыстарына адал, жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Ерке деген қызға көп рақмет, анализ алғанда , кататер қойғанда риза болдым жұмысына. Барлықтарына рақмет💐
Рахымберді Аружан
Дәрігерлерге – кәсібиліктеріңіз бен сабырларыңыз үшін, Медбикелерге – мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін, Техникалық қызметкерлерге – тазалық пен тәртіпті сақтап жүрген еңбектеріңіз үшін үлкен рақмет! Осы қиын сәтте бізге қолдау көрсетіп, көмектескендеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Еңбектеріңіз әрқашан бағалана берсін!
Каби Амир
Огромное спасибо всему мед персоналу , тех персоналу и врачу инфекционист Муханову Э.Е который обслуживал нас 5 отделения ,7 палата очень компитетный, грамотный, вежливый умеет находить подход детям ,лечением моего внука я довольна улучшения есть .Мое обращения не оставляйте без внимания
Каби Амир
Огромное спасибо всему мед персоналу , тех персоналу и врачу инфекционист Муханову Э.Е который обслуживал нас 5 отделения ,7 палата очень компитетный, грамотный, вежливый умеет находить подход детям ,лечением моего внука я довольна улучшения есть .Мое обращения не оставляйте без внимания
Рахымберді Аружан
Дәрігерлерге – кәсібиліктеріңіз бен сабырларыңыз үшін, Медбикелерге – мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін, Техникалық қызметкерлерге – тазалық пен тәртіпті сақтап жүрген еңбектеріңіз үшін үлкен рақмет! Осы қиын сәтте бізге қолдау көрсетіп, көмектескендеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Еңбектеріңіз әрқашан бағалана берсін! 💙 Врач: Маханов Ә.Е Медбике: Нұржанова Л
Умарова А.М.
Я хочу написать свое пожелание ДГКИБ на Апорте мы поступили 14.04.26г в 7 утра сильной одышкой, ребенок не мог дышать нормальна ,хрип в груди . Приемном покое сразу приняли сделали укол преднизалона взяли все анализы сделали рентген с диагнозом пневмания, положили в4 отд сразу, там нам сразу поставили систему , ингаляцию сделали,уколы .Сейчас слава богу все хорошо . Вот, хочу выразить свой пожелание доктору Гулназ Алмасовне, Коблан Хусайновичу, Фарит Тахировичу, Асия Есенгалиевне, Карлыгаш Несипбаевне огромное спасиба, за ваш профессионализм и доброе отношение и всем сотрудникам 4отд спасиба большое, за ваш труд и терпение девочки.
Қасен Айдана
Филиал саялы 5 отделение Омарбекова Қарлығаш медсестраға рахметт, өз жұмысын жақсы атқарады, прям опытный
Жумабаева Акжаркын Коргановна
Уважаемые сотрудники детского инфекционного отделения! Хочу выразить вам огромную благодарность за ваш труд, заботу и внимание. Врачи, заведующий отделением, медсёстры и санитарки — вы все настоящие профессионалы и замечательные люди. В отделении всегда чисто, уютно и спокойно, чувствуется порядок и ответственность. Спасибо вам за доброту, терпение и человеческое отношение к каждому пациенту. Вы делаете большое и важное дело — помогаете людям и дарите надежду. От всей души желаю вам крепкого здоровья, сил, терпения и благополучия! С уважением, мама Амирбек Райс. 💐

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының №4 бөлімшесінің ұжымына және емдеуші дәрігер Қожабаева Гауһар Қалдыбекқызына баламның сапалы ем алып, сауығып шығуына қосқан зор үлестері, жоғары кәсібиліктері мен жанашырлыққа толы мейірімді қарым-қатынастары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Науқас: Ақеляр Мұстаджа, 25.04.2013 ж.т.
Бөлімше: №4
Диагнозы: Зоонозды инфекция (тексерілу сатысында). Миалгиялық синдром.

Дәрігердің сауатты емдеу тактикасының, кәсіби біліктілігінің және бөлімше медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында баламның денсаулығы айтарлықтай жақсарып, сауығу жолына түсті.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, толағай табыстарға жетелей берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге мол жетістік тілеймін.


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК Саялы филиалы 3 бөлімшесінің кішкентай емделушілері мен олардың ата-аналары дәрігерлер мен мейіргерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Сіздер күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, қамқорлық пен мейірім сыйлап, олардың сауығып кетуіне үлкен үлес қосып келесіздер.

Ақ халатты абзал жандарға деген жылы лебізіңіз бен алғыс сөздеріңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арналған құттықтауларыңыз бен алғыс тілектеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте маңызды әрі құнды!


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-ның кішкентай емделушілері өздерінің дәрігерлері мен мейіргерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтайды.

Күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы лебізіңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арнап құттықтауларыңыз бен алғыс сөздеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте құнды!


 

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына және 6-бөлімшенің дәрігері Ордабек Карлыгаш Сембековнаға балаларымның сапалы емі, жоғары кәсібилігі және мейірімді қарым-қатынасы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Асқар Айкөркем, 14.12.2025 ж.

Диагнозы: ауруханадан тыс бронхопневмония, вирусты гастроэнтерит.

Асқар Дінмұхаммед, 14.06.2022 ж.

Диагнозы: ЭВИ, орташа ауырлықтағы ЖКФ, жедел бронхит.

Дәрігердің сауатты емінің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында балаларымның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз және өз мамандықтарыңызға деген шынайы жанашырлықтарыңыз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыс білдіруші, анасы.


 

Апорт Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Апорт филиалының ұжымына, сондай-ақ №3 «Модуль» бөлімшесінің дәрігерлеріне баламды сапалы емдеп, кәсіби шеберлік пен жанашырлық танытқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Менің балам — Төлен Алихан Азаматұлы, 09.05.2025 ж.т., «ЭВИ, жедел бронхит+ оң аяқтың тілмесі» диагнозымен, орташа ауырлық дәрежесінде ем қабылдады.

Емдеуші дәрігер Баймағамбетова Балжан Абдрахманқызына және бөлім меңгерушісі Қасымбекова Әлия Бейсенбайқызына ерекше алғысымды білдіремін. Дәрігердің білікті емінің, уақытылы көрсетілген көмектің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында баламның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыспен, анаcы.


 

Мен пациент Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы, 2026 жылғы 30 наурызда «Менингоэнцефалит» диагнозымен ауыр жағдайда Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен қызымыздың өмірін сақтап, оған жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткен барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Дария ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлер тарапынан жедел әрі кәсіби шешімдер қабылданып, шұғыл түрде консилиум ұйымдастырылды. Әрбір минуттың маңызды екенін түсініп, дер кезінде нақты диагноз қойылып, тиімді ем тағайындалды. Үздіксіз бақылау, жан-жақты әрі сапалы емдеу шараларының нәтижесінде қызымыз толық сауығып, қалыпты өміріне оралды. Бұл – ақ халатты абзал жандардың білімінің, тәжірибесінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.

Осы орайда, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ешибекова Жумагуль Рахымбердиевнаға, жоғары білікті мамандар, профессорлар Куттыкужанова Галия Габдуллаевнаға және Ералиева Ляззат Тасбулатовнаға, сондай-ақ №9 бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз біз үшін үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Сонымен қатар, Дарияның күтімі мен емін үздіксіз қамтамасыз еткен барлық дәрігерлерге, мейірбикелерге және кіші медицина қызметкерлеріне де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрбір науқас үшін баға жетпес қолдау екені сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, абырой мен құрмет тілейміз. Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, талай жанға өмір сыйлай берулеріңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен, Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы


 

Хочу выразить искреннюю благодарность врачам ДГКИБ, отделения Саялы, за профессионализм, внимательное отношение и заботу о здоровье моего сына — Масаидое Мухаммедамира Машрабая, гражданина Узбекистана, который поступил с диагнозом «острый тонзиллит».

От всей души благодарю:

  • Галыма Еркиновича,
  • Маншук Бакытбековну, а также старшую медсестру Назерке за чуткость, поддержку и высокий уровень медицинской помощи. Благодаря вашему труду, вниманию и доброте мой ребенок получил необходимое лечение и заботу.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и успехов в вашем благородном деле!

С уважением, мама пациента.


 

Құрметті дәрігерлер мен медбикелер!

Біздің кішкентай пациентіміз, 11 айлық Касенова Мариям және оның анасы Касенова Алмагүл, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Қызылша, пневмония» диагнозымен келгенде, сіздердің кәсіби қамқорлықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз арқасында Мариям толық сауығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ 1 бөлімшенің меңгерушісі Гулянда Абдыкаримовна мен емдеуші дәрігер Гаухар Калдыбековнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің мейірімділігіңіз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен ризамыз. Аналарға дер кезінде Қызылшаға қарсы екпе алуды сұраймын. Енді біз ешқашан қорықпаймыз, өйткені сіздердің қамқорлығыңыз әрдайым бар екенін білеміз.


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Біздің бүлдіршініміз, Жылыбек Диляраның анасы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының «Саялы» филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан кезінде көрсеткен ерекше мейірім мен қамқорлығыңыз үшін директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гүлназ Үсеновнаға, аға медбике Индира Кумисбаевнаға, сондай-ақ бөлімше медбикелері Қарлығаш, Диана, Айдана, Лаззатқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің әрқашан жылы қабақ танытып, көмектесуге асыққандарыңыз – біздің жүрегімізге қуаныш сыйлайды.

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке мерейіңізге қуаныш, отбасыңызға бақыт, ал жұмысыңызға шабыт әкелсін. Ақ халатты абзал жандарымыз әрдайым аман, мейірімді және бақытты болсын!


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар! Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының

Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Жайлаубаева Айниса атынан алғысымызды білдіреміз.

Жайлаубаева Қуаныш, Жайлаубаева Айниса– анасы

Алғысымызды білдіреміз:

  • Директордың орынбасары Руслан Артурович
  • Емдеуші дәрігер Гульназ Усеновна
  • Санжар Ерланұлы
  • Бөлімше медбикелеріне

Сіздерге балаларымыздың денсаулығына көрсеткен қамқорлығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.


 

Сіздің мейірімділігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Енді мен ешқашан қорықпаймын.

6 жастағы кішкентай пациентіміз Жардем Елхан 2026 жылдың 11 ақпанында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Менингоэнцефалит» диагнозымен түсті. 21 күн бойы үздіксіз ем қабылдап, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында құлан-таза айығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ профессор Куттыкужанова Галия Габдуллаевна, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Кененбаева Алия Гауазовна, 9-бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловна кішкентай жүрегімен шексіз алғыс білдіреді.


 

Здравствуйте!

В воскресенье мы с сыном поступили в Детскую инфекционную больницу с диагнозом «корь». После сдачи ПЦР-анализа нам было назначено и проведено необходимое лечение. Как отец, я очень переживал за состояние ребёнка.

Хочу выразить особую благодарность заведующей 1-го отделения Кулянде Адикаримовне за её чуткость, профессионализм и внимательное отношение. Также искренне благодарю всех врачей и медицинских сестёр, которые наблюдали и лечили моего сына.

В больнице поддерживается чистота, все лечебные процедуры проводятся тщательно и организованно, работа выстроена системно и находится под контролем. Чувствуется высокий уровень ответственности и профессионализма всего коллектива.

От всей души благодарю весь персонал за ваш нелёгкий труд, заботу и поддержку!

С уважением, папа Арзиева Алана


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Байзақов көшесі, 1-бөлімше ұжымына

Мен, Қаржауов Өміржанның анасы, шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз Шымкент қаласынан өте ауыр жағдайда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түстік.

Емдеуші дәрігеріміз, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Гауазовнаға, 1-бөлімше меңгерушісі Гуланда Абдыкаримовнаға, Зинаида Жумабековнаға және барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге шексіз ризашылығымды білдіремін.

Балам қызылша (корь) және пневмония диагнозымен ем қабылдады. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында балам сауығып, аяққа тұрды. Қазір Аллаға шүкір, ойнап-күліп жүр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

Құрметпен, Қаржауов Өміржанның анасы


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесі, 5-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Базарбай Алиханның анасы Жексенбаева Жүрсіннің дәрігерлерге алғысы:

«Мен Актау қаласынан келдім, емдеуші дәрігеріміз Кульманова Әсем Жұмағалиқызына алғысым шексіз. Сондай-ақ 5-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін. Менің баламды емдеп, барлық емін жасады, өте ризамын!

«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, 6-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Берікбол Қуандықтың анасы Алмолдаева Бибисараның алғысы:
«Емдеуші дәрігеріміз Исакулова Клара Жақсығалиевнаға алғысым шексіз. Сондай-ақ Саялы филиалы 6-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін.
«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.
Осы ұжымды басқарып отырған аға дәрігер Руслан Артуровичке де мың алғыс!
Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Снигирёв Омар, Текучёва Виктория анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гульназ Усеновнага аға медбике Индира Кумисбаевна және бөлімше медбикелеріне шынайы алғысын білдіреді.


 


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №3 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Муслимнің анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Жансая Курбанхожақызына, аға медбике Бақыт Бүкеновнаға және шаруашылық бикесі Иманова Айнурға шынайы алғысын білдіреді.

Тіршілік үшін судың маңызы қаншалықты жоғары болса, бала өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың еңбегі де соншалықты орасан зор. Жылы сөзіңізбен демеу болып, кәсіби біліктілігіңіз бен жанашырлығыңызды танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық пен толағай жетістіктер тілейміз.