Благодарность врачу от пациента

Благодарности пациентовВидео-благодарностиФото-благодарностиФайлы-благодарности

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
191 entries.
Рысмендин Улжан
Хочу выразить огромную благодарность Апорту — Детской городской клинической инфекционной больнице! ❤️ Моя дочь, Мурат Асылым, проходила лечение во 2-м блоке, в боксе № 208. От всего сердца благодарю каждого сотрудника за их труд, заботу и внимание! 🙏🏻 Здесь работают настоящие профессионалы своего дела! Везде чистота, все процедуры проводятся своевременно, аккуратно и с большой ответственностью. Особую благодарность хочу выразить нашему лечащему врачу, который обеспечил дочери полноценное лечение и выписал нас домой только после того, как она полностью поправилась. Я очень довольна тем, что в этой больнице работают такие добрые, отзывчивые, грамотные и высококвалифицированные специалисты. Каждый сотрудник заслуживает искренней благодарности за свой нелёгкий труд. Спасибо вам за заботу о наших детях, за ваше терпение, доброту и профессионализм! ❤️ Желаю всему коллективу крепкого здоровья, благополучия и успехов в вашей важной и благородной работе! Пусть ваш труд всегда ценится, а в ваших семьях царят счастье и мир! 🌷
Отеген Акмарал Оразбайкызы
Хочу поблагодарить всех сотрудников ДГКИБ на Саялы, я уже третий раз лежу с ребенком в данной больнице, в этот раз лежали с корью в 1 отделении. Очень боялась, что корь даст осложнения, но меня успокоили и сделали всё необходимое. Спасибо нашему лечащему врачу Галыму Еркиновичу. Лечение прописал действенное, каждый день осматривал ребенка, по мере необходимости менял план лечения. Поступили вялые, слабые, ушли здоровые. Процветания и благополучия всей больнице. ❤️Медсестры 🔥 ❤️
Қабдрешова Диана
Біз қызымызбен инфекционная больницада 5 күн ем қабылдадық. Осы уақыт ішінде дәрігерлер мен медсестралардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және мейірімділігіне үлкен алғыс айтамын. Палаталар тап-таза, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілген. Жанат Амантаевана барлық қажеттіліктерімізді уақытында толықтырып тұрды. Тамақ уақытылы, ыстық күйінде жеткізіледі. Дәрігерлердің обходы уақытында жүргізіліп, дәрілермен, системалар белгіленген уақытта жасалады. Ауруханадағы тазалыққа, тәртіпке үлкен мән берілген Бізді емдеген Мөлдір Кемелжановна дәрігерге кәсібилігі мен еңбегі үшін рахмет. Сондай-ақ ст медсестра Гүлжамила Советбековнаға, Роза, Арай, Мадина, Дильназ медсестраларға да рахмет Палата тазалығын сақтап, жағдайымызды жасаған Эльмира тәтеге рахмет Ең бастысы желтухамен жатып, басқа ауру жұқтырып алмағанмызға, соған үлес қосқан барша 5 отделение ұжымына үлкен алғыс білдіремін
Абдиманапова Урия
Детский инфекционный больница да апорт ташкент модул жанындагы ауру ханада 5отделения 2айлык баламен жаттык оте жогары дарежеде даригерлермен барлык персоналдары асиресе Мирас Ергешулы заведущи отделиения старши медсестра Гулжамиля Советбековна медбикелерРоза Венера Арай Мадина Дильназ оз Маманын шебери жауапты тиякнакты .Общи техперсоналдарынада рахмет тазалык ушин
Оразбекова Алтынай
Қалалық инфекционды балалар ауруханасы !!!Осы ауруханада ем алып жатқан кезімізде барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін! ❤️ Ең алдымен, бөлім меңгерушісі Кулманова Асем Жумагалиевнаға және 5-бөлімнің дәрігері Айжұлдыз Даулеткериевнаға кәсіби білімі, жауапкершілігі және науқастарға деген ерекше көңілі үшін үлкен рақмет! Ал күнделікті науқастың жанынан табылатын қарапайым медбикелерге ерекше алғыс айтқым келеді. Таңертеңнен кешке дейін, кейде түнде де науқастардың жағдайын бақылап, дәрісін уақытында беріп, уколын салып, қызуын өлшеп, әр сұраққа жауап беріп, керек кезде жүгіріп келетін — осы медбикелер. ❤️ Кейде олардың бір ауысымда қанша жұмысты атқаратынын сырт көз байқамауы мүмкін. Бірақ науқас үшін олардың әрбір жылы сөзі, дер кезінде көрсеткен көмегі, сабырлылығы мен мейірімі өте маңызды. Аға медбике Елена Владимировнаға және барлық медбикелерге, санитарка апайларға мың алғыс! Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз өте бағалы. Шаршап жүрсеңіздер де, науқастарға жылы қабақ танытып, өз міндеттеріңізді үлкен жауапкершілікпен атқарып жүргендеріңізге ризамыз. 🌷 Осындай қарапайым, бірақ еңбегі орасан зор жандардың арқасында ауруханада өзімізді қауіпсіз әрі жайлы сезіндік. Баршаңызға еңбектеріңіз үшін үлкен РАҚМЕТ! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, алғыстан алғысқа бөлене беріңіздер! 🙏🏻❤️
Каниева Гаухар
Хотела поблагодарить персоналов 7 отделения Детской инфекционной больницы особенно санитаркам, которые делают свою работу на все 100% и врачу Сауле Мейрамбековну, настоящий доктор и к детям смотрит хорошо и с родителями обращается отлично, всё объясняет и лечит. И конечно мед сестрам спасибо,любое время идет на помощь. И особое внимание хочу уделить раздатчицам еды. Есть пожилая женщина, которая вечно ворчит даже 1каплю компота лишний не даст, есть помоложе, которая говорит кушайте, это всё вам, на здоровье, ешьте будете здоровы, и максимально ложит еду , ей большое спасибо. Когда на смену выходит пожилая женщина оставалась голодной, а с ней всегда сыта. В общем получили лечение и сейчас с ребенком всё в порядке и начал кушать, пить и в меру в туалет ходить. Благодарю всех персон 7 отделения
Кәрімова Айкөркем
Біздің жағдайымызды түсініп, жедел шешім қабылдағандарыңызға алғысымызды білдіреміз.Еңбектеріңіз жаңа берсін.
Кенжебаева Гүлдана Бауыржановна
Хочу выразить большую благодарность медперсоналу 3 Го отделения и вообще всем кто работает в этой детской больнице!!! Мы чуть Ли не каждый год, даже за полгода случается заболеем и лечимся тут. И техперсонал очень доброжелательные и отзывчивые!!! Спасибо Всем сотрудникам!!! Легкости в вашем очень нелегком труде!!! Здоровья Вам!!!
Дунбаева.Б.А
лова искренней благодарности всему коллективу больницы От всего сердца хочу выразить огромную благодарность всему коллективу больницы за помощь, заботу и профессионализм, которые вы проявили по отношению к моему сыну Аману. Когда болеет ребенок, для родителей это огромное испытание. Но рядом с вами мы чувствовали, что не одни. Спасибо каждому врачу, каждой медицинской сестре, санитаркам и всему персоналу за ваше внимание, терпение, доброту и человеческое отношение. Спасибо за ваш нелегкий труд, за бессонные дежурства, за каждое принятое решение, за поддержку, добрые слова и искреннее желание помочь. Благодаря вашим знаниям, опыту и заботе мой сын получил необходимую помощь. Низкий поклон каждому, кто был рядом с нами в эти непростые дни. Вы не просто выполняете свою работу — вы дарите людям надежду, здоровье и веру в лучшее. Пусть добро, которое вы каждый день отдаете своим пациентам, возвращается к вам многократно. Желаю вам крепкого здоровья, сил, благополучия, благодарных пациентов и мирного неба над головой. С искренней благодарностью и глубоким уважением, мама Амана.
Жеңіс Асылым
8 отделение ұжымына алғысым шексіз Көп көп рахмет
Ожерельева Ольга Сергеевна
Нахождение в стационаре инфекционной больницы. Хочу поблагодарить весь персонал 1 отделения инфекционной больницы за пристальное внимание и хорошее отношения ко мне и моему ребенку. Медсестры всегда были рядом когда это требовалась. В палатах всегда было чисто. И особую благодарность выражаю заведующей 1 отделением Умировой Гуланде Абдыкаримовне за доброе отношение к детям, и знание своего дела. Всегда все разъяснит и объяснит родителям. Огромное всем спасибо !
Чупринова Валентина Александровна
Хочу выразитьогромную благодарность всему персоналу ДГКИБ, приёмному отделению за оперативность, 11 отделению всему мед.персоналу за чуткость,отзывчивость,понимания и поддержку , ОГРОМНАЯ БЛАГОДАРНОСТЬ нашему врачу Оспанова Динара Сундетовна, врач от Бога , вытащила моего сына с ужасного состояния,назначила грамотное лечение,которое быстро помогло , всегда была рядом поддерживала, давала советы и рекомендации, у всех врачей и мед.персонала чуткое отношение и профессионализм , от всего сердца СПАСИБО. ДАЙ БОГ ВСЕМ У КОЛЛЕКТИВУ И РУКОВОДИТЕЛЯМ ДГКИБ здоровья и процветания , искренне признательна Вам за заботу и поддержку.
Жиенбек Нурила Жомартқызы
Балам аурып осында 10шы отделениеде емделдік. Кезекшілікте болған мейірбикеледірге, кіші мейірбикелерге, тамақ әкелітін татеге бәріне рахмет. Дәрігеріміз Балташева Зарнигар ханымға алғасым шексіз.
Лаура Дуйсенова
Уважаемый Галым Еркинович и весь коллектив отделения! От всей нашей семьи хотим выразить вам искреннюю и глубокую благодарность за ваш благородный труд, высокий профессионализм, человечность и доброе отношение к каждому пациенту. Особые слова признательности хотим адресовать заведующему отделением Галыму Еркиновичу. Благодаря вашему грамотному руководству, ответственности и внимательному отношению в отделении царит атмосфера спокойствия, взаимопомощи и уверенности. Вы не только замечательный руководитель, но и врач с большим сердцем, который искренне переживает за каждого пациента. Также хотим поблагодарить весь медицинский персонал — врачей, медицинских сестёр, санитарок и всех сотрудников отделения. Спасибо вам за круглосуточную заботу, терпение, доброжелательность, поддержку и самоотверженный труд. Ваша работа требует огромных сил, выдержки и милосердия, и вы ежедневно доказываете, что медицина — это настоящее призвание. С искренним уважением и благодарностью, От семьи Куракбаевы!
Омарова Лаура
Выражаю искреннюю благодарность врачу, медицинской сестре и техническому персоналу 6 отделения филиала Саялы за высокий профессионализм, внимательное и доброжелательное отношение. Врач подробно объяснил все рекомендации и ответил на мои вопросы. Медицинская сестра была вежливой, заботливой и аккуратно выполняла все необходимые процедуры. Технический персонал поддерживал чистоту и порядок, создавая комфортные условия. Спасибо всему коллективу за качественную медицинскую помощь, отзывчивость и заботу о пациентах. Желаю крепкого здоровья, благополучия и успехов в работе
Абдурахманова Лилита
Спасибо большое! Мед персаналу. За внемателнос и за заботу о почиентами.🥰💋💐
Ералиева Ботакөз
Шын жүректен алғысымды инфекционный больницаның 2 отделения бөлімінің дәрігері Фарит Тахировичқа және де мейірбекелер : Аида, Еркем, Айнұр, Нұрсейіт және Рахатқа білдіремін! Баламыздың еміне үлкен жауапкершілікпен қарап, әрбір сұрағымызға сабырмен жауап беріп, дұрыс ем тағайындағаныңыз үшін зор рақмет. Осындай қиын кезеңде кәсібилігіңіз бен адамгершілігіңіз бізге үлкен сенім мен үміт сыйлады. Нағыз дәрігер тек емдеп қана қоймай, науқас пен оның жақындарына демеу бола біледі. Сіз дәл сондай жансыз. Еңбегіңіз жана берсін, абыройыңыз асқақтай берсін! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға толағай табыс тілеймін. Осындай білікті, мейірімді дәрігерлер мен мейірбекелер көбейе берсін! Үлкен рақмет!
Балабатырова Толкын Козыкановна
Модульный инфекционный стационар больницасы именно 2 отделениясцның мед персоналдарына көп көп рахмет. Жұмыстарын өте жақсы атқарып, келген күннен жағдайымызды қайта қайта сұрап, көмектерін аямай жатыр, Рахат және Еркем қызметкерлеріне көп көп рахмет. Өте мейірімді жандар.
Жанбайбек Сыргалым
Мен баламмее корь болып больницага тустым зам Руслан Артурович пен Галым Еркинович карап жатыр Осы ужымга рахмет айкым келеды медсестралар медбраттар кайта кайта келып баламды карап жур Балам тускенде состояниесы ауыр болды казир осы кысылердын аркасында балам Санжардын жагдайы жаксы болып калды Отделение тазалыгы медперсоналдын карым катынасы оте жогары денгейде маган берген колдауларыныз ушын коп рахм
Алимов Магауия Ажматович
Хотелось выразить огромную благодарность всему персоналу 7 отделения, детской городской клинической инфекционной больницы, Ташкентский тракт 535. Заехали с сыном (Әлім Айбар Мағауияұлы) с острой кишечной инфекцией 08.07(среда) и уже сегодня 10.07(пятница) у нас нормализовался стул, нет температуры и все благодаря персоналу больницы, а именно врачам и медсестрам. Каждый день системно сдаешь анализы, ставят капельницы, приносят лекарства и еду, несколько раз заходят провести уборку и выносят мусор. Низкий поклон вам, Аллах разы болсын!

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының №4 бөлімшесінің ұжымына және емдеуші дәрігер Қожабаева Гауһар Қалдыбекқызына баламның сапалы ем алып, сауығып шығуына қосқан зор үлестері, жоғары кәсібиліктері мен жанашырлыққа толы мейірімді қарым-қатынастары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Науқас: Ақеляр Мұстаджа, 25.04.2013 ж.т.
Бөлімше: №4
Диагнозы: Зоонозды инфекция (тексерілу сатысында). Миалгиялық синдром.

Дәрігердің сауатты емдеу тактикасының, кәсіби біліктілігінің және бөлімше медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында баламның денсаулығы айтарлықтай жақсарып, сауығу жолына түсті.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, толағай табыстарға жетелей берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге мол жетістік тілеймін.


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК Саялы филиалы 3 бөлімшесінің кішкентай емделушілері мен олардың ата-аналары дәрігерлер мен мейіргерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Сіздер күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, қамқорлық пен мейірім сыйлап, олардың сауығып кетуіне үлкен үлес қосып келесіздер.

Ақ халатты абзал жандарға деген жылы лебізіңіз бен алғыс сөздеріңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арналған құттықтауларыңыз бен алғыс тілектеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте маңызды әрі құнды!


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-ның кішкентай емделушілері өздерінің дәрігерлері мен мейіргерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтайды.

Күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы лебізіңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арнап құттықтауларыңыз бен алғыс сөздеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте құнды!


 

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына және 6-бөлімшенің дәрігері Ордабек Карлыгаш Сембековнаға балаларымның сапалы емі, жоғары кәсібилігі және мейірімді қарым-қатынасы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Асқар Айкөркем, 14.12.2025 ж.

Диагнозы: ауруханадан тыс бронхопневмония, вирусты гастроэнтерит.

Асқар Дінмұхаммед, 14.06.2022 ж.

Диагнозы: ЭВИ, орташа ауырлықтағы ЖКФ, жедел бронхит.

Дәрігердің сауатты емінің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында балаларымның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз және өз мамандықтарыңызға деген шынайы жанашырлықтарыңыз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыс білдіруші, анасы.


 

Апорт Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Апорт филиалының ұжымына, сондай-ақ №3 «Модуль» бөлімшесінің дәрігерлеріне баламды сапалы емдеп, кәсіби шеберлік пен жанашырлық танытқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Менің балам — Төлен Алихан Азаматұлы, 09.05.2025 ж.т., «ЭВИ, жедел бронхит+ оң аяқтың тілмесі» диагнозымен, орташа ауырлық дәрежесінде ем қабылдады.

Емдеуші дәрігер Баймағамбетова Балжан Абдрахманқызына және бөлім меңгерушісі Қасымбекова Әлия Бейсенбайқызына ерекше алғысымды білдіремін. Дәрігердің білікті емінің, уақытылы көрсетілген көмектің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында баламның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыспен, анаcы.


 

Мен пациент Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы, 2026 жылғы 30 наурызда «Менингоэнцефалит» диагнозымен ауыр жағдайда Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен қызымыздың өмірін сақтап, оған жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткен барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Дария ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлер тарапынан жедел әрі кәсіби шешімдер қабылданып, шұғыл түрде консилиум ұйымдастырылды. Әрбір минуттың маңызды екенін түсініп, дер кезінде нақты диагноз қойылып, тиімді ем тағайындалды. Үздіксіз бақылау, жан-жақты әрі сапалы емдеу шараларының нәтижесінде қызымыз толық сауығып, қалыпты өміріне оралды. Бұл – ақ халатты абзал жандардың білімінің, тәжірибесінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.

Осы орайда, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ешибекова Жумагуль Рахымбердиевнаға, жоғары білікті мамандар, профессорлар Куттыкужанова Галия Габдуллаевнаға және Ералиева Ляззат Тасбулатовнаға, сондай-ақ №9 бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз біз үшін үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Сонымен қатар, Дарияның күтімі мен емін үздіксіз қамтамасыз еткен барлық дәрігерлерге, мейірбикелерге және кіші медицина қызметкерлеріне де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрбір науқас үшін баға жетпес қолдау екені сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, абырой мен құрмет тілейміз. Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, талай жанға өмір сыйлай берулеріңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен, Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы


 

Хочу выразить искреннюю благодарность врачам ДГКИБ, отделения Саялы, за профессионализм, внимательное отношение и заботу о здоровье моего сына — Масаидое Мухаммедамира Машрабая, гражданина Узбекистана, который поступил с диагнозом «острый тонзиллит».

От всей души благодарю:

  • Галыма Еркиновича,
  • Маншук Бакытбековну, а также старшую медсестру Назерке за чуткость, поддержку и высокий уровень медицинской помощи. Благодаря вашему труду, вниманию и доброте мой ребенок получил необходимое лечение и заботу.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и успехов в вашем благородном деле!

С уважением, мама пациента.


 

Құрметті дәрігерлер мен медбикелер!

Біздің кішкентай пациентіміз, 11 айлық Касенова Мариям және оның анасы Касенова Алмагүл, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Қызылша, пневмония» диагнозымен келгенде, сіздердің кәсіби қамқорлықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз арқасында Мариям толық сауығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ 1 бөлімшенің меңгерушісі Гулянда Абдыкаримовна мен емдеуші дәрігер Гаухар Калдыбековнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің мейірімділігіңіз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен ризамыз. Аналарға дер кезінде Қызылшаға қарсы екпе алуды сұраймын. Енді біз ешқашан қорықпаймыз, өйткені сіздердің қамқорлығыңыз әрдайым бар екенін білеміз.


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Біздің бүлдіршініміз, Жылыбек Диляраның анасы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының «Саялы» филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан кезінде көрсеткен ерекше мейірім мен қамқорлығыңыз үшін директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гүлназ Үсеновнаға, аға медбике Индира Кумисбаевнаға, сондай-ақ бөлімше медбикелері Қарлығаш, Диана, Айдана, Лаззатқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің әрқашан жылы қабақ танытып, көмектесуге асыққандарыңыз – біздің жүрегімізге қуаныш сыйлайды.

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке мерейіңізге қуаныш, отбасыңызға бақыт, ал жұмысыңызға шабыт әкелсін. Ақ халатты абзал жандарымыз әрдайым аман, мейірімді және бақытты болсын!


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар! Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының

Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Жайлаубаева Айниса атынан алғысымызды білдіреміз.

Жайлаубаева Қуаныш, Жайлаубаева Айниса– анасы

Алғысымызды білдіреміз:

  • Директордың орынбасары Руслан Артурович
  • Емдеуші дәрігер Гульназ Усеновна
  • Санжар Ерланұлы
  • Бөлімше медбикелеріне

Сіздерге балаларымыздың денсаулығына көрсеткен қамқорлығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.


 

Сіздің мейірімділігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Енді мен ешқашан қорықпаймын.

6 жастағы кішкентай пациентіміз Жардем Елхан 2026 жылдың 11 ақпанында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Менингоэнцефалит» диагнозымен түсті. 21 күн бойы үздіксіз ем қабылдап, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында құлан-таза айығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ профессор Куттыкужанова Галия Габдуллаевна, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Кененбаева Алия Гауазовна, 9-бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловна кішкентай жүрегімен шексіз алғыс білдіреді.


 

Здравствуйте!

В воскресенье мы с сыном поступили в Детскую инфекционную больницу с диагнозом «корь». После сдачи ПЦР-анализа нам было назначено и проведено необходимое лечение. Как отец, я очень переживал за состояние ребёнка.

Хочу выразить особую благодарность заведующей 1-го отделения Кулянде Адикаримовне за её чуткость, профессионализм и внимательное отношение. Также искренне благодарю всех врачей и медицинских сестёр, которые наблюдали и лечили моего сына.

В больнице поддерживается чистота, все лечебные процедуры проводятся тщательно и организованно, работа выстроена системно и находится под контролем. Чувствуется высокий уровень ответственности и профессионализма всего коллектива.

От всей души благодарю весь персонал за ваш нелёгкий труд, заботу и поддержку!

С уважением, папа Арзиева Алана


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Байзақов көшесі, 1-бөлімше ұжымына

Мен, Қаржауов Өміржанның анасы, шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз Шымкент қаласынан өте ауыр жағдайда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түстік.

Емдеуші дәрігеріміз, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Гауазовнаға, 1-бөлімше меңгерушісі Гуланда Абдыкаримовнаға, Зинаида Жумабековнаға және барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге шексіз ризашылығымды білдіремін.

Балам қызылша (корь) және пневмония диагнозымен ем қабылдады. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында балам сауығып, аяққа тұрды. Қазір Аллаға шүкір, ойнап-күліп жүр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

Құрметпен, Қаржауов Өміржанның анасы


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесі, 5-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Базарбай Алиханның анасы Жексенбаева Жүрсіннің дәрігерлерге алғысы:

«Мен Актау қаласынан келдім, емдеуші дәрігеріміз Кульманова Әсем Жұмағалиқызына алғысым шексіз. Сондай-ақ 5-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін. Менің баламды емдеп, барлық емін жасады, өте ризамын!

«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, 6-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Берікбол Қуандықтың анасы Алмолдаева Бибисараның алғысы:
«Емдеуші дәрігеріміз Исакулова Клара Жақсығалиевнаға алғысым шексіз. Сондай-ақ Саялы филиалы 6-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін.
«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.
Осы ұжымды басқарып отырған аға дәрігер Руслан Артуровичке де мың алғыс!
Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Снигирёв Омар, Текучёва Виктория анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гульназ Усеновнага аға медбике Индира Кумисбаевна және бөлімше медбикелеріне шынайы алғысын білдіреді.


 


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №3 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Муслимнің анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Жансая Курбанхожақызына, аға медбике Бақыт Бүкеновнаға және шаруашылық бикесі Иманова Айнурға шынайы алғысын білдіреді.

Тіршілік үшін судың маңызы қаншалықты жоғары болса, бала өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың еңбегі де соншалықты орасан зор. Жылы сөзіңізбен демеу болып, кәсіби біліктілігіңіз бен жанашырлығыңызды танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық пен толағай жетістіктер тілейміз.