Благодарность врачу от пациента

Благодарности пациентовВидео-благодарностиФото-благодарностиФайлы-благодарности

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
185 entries.
Кәрімова Айкөркем
Біздің жағдайымызды түсініп, жедел шешім қабылдағандарыңызға алғысымызды білдіреміз.Еңбектеріңіз жаңа берсін.
Кенжебаева Гүлдана Бауыржановна
Хочу выразить большую благодарность медперсоналу 3 Го отделения и вообще всем кто работает в этой детской больнице!!! Мы чуть Ли не каждый год, даже за полгода случается заболеем и лечимся тут. И техперсонал очень доброжелательные и отзывчивые!!! Спасибо Всем сотрудникам!!! Легкости в вашем очень нелегком труде!!! Здоровья Вам!!!
Дунбаева.Б.А
лова искренней благодарности всему коллективу больницы От всего сердца хочу выразить огромную благодарность всему коллективу больницы за помощь, заботу и профессионализм, которые вы проявили по отношению к моему сыну Аману. Когда болеет ребенок, для родителей это огромное испытание. Но рядом с вами мы чувствовали, что не одни. Спасибо каждому врачу, каждой медицинской сестре, санитаркам и всему персоналу за ваше внимание, терпение, доброту и человеческое отношение. Спасибо за ваш нелегкий труд, за бессонные дежурства, за каждое принятое решение, за поддержку, добрые слова и искреннее желание помочь. Благодаря вашим знаниям, опыту и заботе мой сын получил необходимую помощь. Низкий поклон каждому, кто был рядом с нами в эти непростые дни. Вы не просто выполняете свою работу — вы дарите людям надежду, здоровье и веру в лучшее. Пусть добро, которое вы каждый день отдаете своим пациентам, возвращается к вам многократно. Желаю вам крепкого здоровья, сил, благополучия, благодарных пациентов и мирного неба над головой. С искренней благодарностью и глубоким уважением, мама Амана.
Жеңіс Асылым
8 отделение ұжымына алғысым шексіз Көп көп рахмет
Ожерельева Ольга Сергеевна
Нахождение в стационаре инфекционной больницы. Хочу поблагодарить весь персонал 1 отделения инфекционной больницы за пристальное внимание и хорошее отношения ко мне и моему ребенку. Медсестры всегда были рядом когда это требовалась. В палатах всегда было чисто. И особую благодарность выражаю заведующей 1 отделением Умировой Гуланде Абдыкаримовне за доброе отношение к детям, и знание своего дела. Всегда все разъяснит и объяснит родителям. Огромное всем спасибо !
Чупринова Валентина Александровна
Хочу выразитьогромную благодарность всему персоналу ДГКИБ, приёмному отделению за оперативность, 11 отделению всему мед.персоналу за чуткость,отзывчивость,понимания и поддержку , ОГРОМНАЯ БЛАГОДАРНОСТЬ нашему врачу Оспанова Динара Сундетовна, врач от Бога , вытащила моего сына с ужасного состояния,назначила грамотное лечение,которое быстро помогло , всегда была рядом поддерживала, давала советы и рекомендации, у всех врачей и мед.персонала чуткое отношение и профессионализм , от всего сердца СПАСИБО. ДАЙ БОГ ВСЕМ У КОЛЛЕКТИВУ И РУКОВОДИТЕЛЯМ ДГКИБ здоровья и процветания , искренне признательна Вам за заботу и поддержку.
Жиенбек Нурила Жомартқызы
Балам аурып осында 10шы отделениеде емделдік. Кезекшілікте болған мейірбикеледірге, кіші мейірбикелерге, тамақ әкелітін татеге бәріне рахмет. Дәрігеріміз Балташева Зарнигар ханымға алғасым шексіз.
Лаура Дуйсенова
Уважаемый Галым Еркинович и весь коллектив отделения! От всей нашей семьи хотим выразить вам искреннюю и глубокую благодарность за ваш благородный труд, высокий профессионализм, человечность и доброе отношение к каждому пациенту. Особые слова признательности хотим адресовать заведующему отделением Галыму Еркиновичу. Благодаря вашему грамотному руководству, ответственности и внимательному отношению в отделении царит атмосфера спокойствия, взаимопомощи и уверенности. Вы не только замечательный руководитель, но и врач с большим сердцем, который искренне переживает за каждого пациента. Также хотим поблагодарить весь медицинский персонал — врачей, медицинских сестёр, санитарок и всех сотрудников отделения. Спасибо вам за круглосуточную заботу, терпение, доброжелательность, поддержку и самоотверженный труд. Ваша работа требует огромных сил, выдержки и милосердия, и вы ежедневно доказываете, что медицина — это настоящее призвание. С искренним уважением и благодарностью, От семьи Куракбаевы!
Омарова Лаура
Выражаю искреннюю благодарность врачу, медицинской сестре и техническому персоналу 6 отделения филиала Саялы за высокий профессионализм, внимательное и доброжелательное отношение. Врач подробно объяснил все рекомендации и ответил на мои вопросы. Медицинская сестра была вежливой, заботливой и аккуратно выполняла все необходимые процедуры. Технический персонал поддерживал чистоту и порядок, создавая комфортные условия. Спасибо всему коллективу за качественную медицинскую помощь, отзывчивость и заботу о пациентах. Желаю крепкого здоровья, благополучия и успехов в работе
Абдурахманова Лилита
Спасибо большое! Мед персаналу. За внемателнос и за заботу о почиентами.🥰💋💐
Ералиева Ботакөз
Шын жүректен алғысымды инфекционный больницаның 2 отделения бөлімінің дәрігері Фарит Тахировичқа және де мейірбекелер : Аида, Еркем, Айнұр, Нұрсейіт және Рахатқа білдіремін! Баламыздың еміне үлкен жауапкершілікпен қарап, әрбір сұрағымызға сабырмен жауап беріп, дұрыс ем тағайындағаныңыз үшін зор рақмет. Осындай қиын кезеңде кәсібилігіңіз бен адамгершілігіңіз бізге үлкен сенім мен үміт сыйлады. Нағыз дәрігер тек емдеп қана қоймай, науқас пен оның жақындарына демеу бола біледі. Сіз дәл сондай жансыз. Еңбегіңіз жана берсін, абыройыңыз асқақтай берсін! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға толағай табыс тілеймін. Осындай білікті, мейірімді дәрігерлер мен мейірбекелер көбейе берсін! Үлкен рақмет!
Балабатырова Толкын Козыкановна
Модульный инфекционный стационар больницасы именно 2 отделениясцның мед персоналдарына көп көп рахмет. Жұмыстарын өте жақсы атқарып, келген күннен жағдайымызды қайта қайта сұрап, көмектерін аямай жатыр, Рахат және Еркем қызметкерлеріне көп көп рахмет. Өте мейірімді жандар.
Жанбайбек Сыргалым
Мен баламмее корь болып больницага тустым зам Руслан Артурович пен Галым Еркинович карап жатыр Осы ужымга рахмет айкым келеды медсестралар медбраттар кайта кайта келып баламды карап жур Балам тускенде состояниесы ауыр болды казир осы кысылердын аркасында балам Санжардын жагдайы жаксы болып калды Отделение тазалыгы медперсоналдын карым катынасы оте жогары денгейде маган берген колдауларыныз ушын коп рахм
Алимов Магауия Ажматович
Хотелось выразить огромную благодарность всему персоналу 7 отделения, детской городской клинической инфекционной больницы, Ташкентский тракт 535. Заехали с сыном (Әлім Айбар Мағауияұлы) с острой кишечной инфекцией 08.07(среда) и уже сегодня 10.07(пятница) у нас нормализовался стул, нет температуры и все благодаря персоналу больницы, а именно врачам и медсестрам. Каждый день системно сдаешь анализы, ставят капельницы, приносят лекарства и еду, несколько раз заходят провести уборку и выносят мусор. Низкий поклон вам, Аллах разы болсын!
Смакова Алия Мухтаровна
Хочу выразить искреннюю благодарность всему коллективу инфекционной больницы. 3 июля мы поступили в больницу с тяжелым состоянием. У моей дочери была корь: она не могла открыть глаза, постоянно спала, и нам было очень страшно. Но благодаря профессионализму, внимательности и заботе врачей и всего медицинского персонала сегодня, 9 июля 2026 года, нас выписывают. Моя доченька снова активная, улыбается и чувствует себя хорошо. От всей души благодарю заведующую отделением, врачей, медицинских сестер, младший медицинский персонал и всех сотрудников больницы. Каждый из вас был доброжелательным, отзывчивым и всегда приходил на помощь. Ваша поддержка, терпение и человеческое отношение очень много значат для родителей, которые переживают за своего ребенка. Спасибо вам за ваш нелегкий труд, профессионализм, заботу и добрые сердца. Желаю каждому из вас крепкого здоровья, благополучия и сил в вашем благородном деле. Пусть добро, которое вы ежедневно дарите людям, возвращается к вам многократно. С огромной благодарностью и уважением!
Иксанова Жанна Жумановна
Рахмет большой что в трудную минуты всегда рядом и поможете и подскажите !Все на высшем уровне !Грамотно и быстро !Вы лучшие !По больше благодарных потциентов !
Беисбай Батыр
Мен 2отделенияда жаттым.Врачымыз Санжар Ерланулына жанеде мейирбикелерге,санитаркаларга алгысымды билдиремин.Оз жумыстарына оте жаксы карайды.Коллектив жас болсада оте билимди де,биликти адамдар.Старшая Медсестра Назеркеге улкен рахмет.Балама жаксы карады, өзіме де❤️Жумыстарынызга жемис,осу тилеймин!
Исабек Айлин
Уважаемым Докторам, Имиджанову Руслану Артуровичу и Кейкиевой Жансая Курбанкожаевне а также всему коллективу, всему медицинскому персоналу (3 Отделения), хотелось выразить всем высокие слова Благодарности, совместно с моей бабушкой и от себя, передаем Вам огромное Спасибо за Ваш труд, за искреннию заботу о моем выздоровлении, за предоставленное вами хорошее лечение, за уход и за высокую профессиональность !!! Желаем Вам всем крепкого здоровья!!! Семейного благополучия! В вашей нелегкой профессии, на работе, достигнуть всех высот! Барлықтарыңызға Үлкен Рахмет !!! Ақ ниеттеріңізге Аллах разы болсын! Жолдарыңыз ашық болсың! Отбасыңызға тек Аманшылық Сәттілік пен Береке Алла Тағала берсін! Дені сау болсың! С Уважением от всей души и от всего сердца, Исабек Айлин)
Аскар Аяулым
Спасибо большое Руслан Артуровичу и Жансае Курбанкожаевне за хорошое лечение моего ребенка. Поставили хороший план лечение который помог моему ребенку быстро выздоровить.
Байжанова Мариям
Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының №8 бөлімшесінің ұжымына шексіз алғысымды білдіремін! Қызымды үлкен жауапкершілікпен емдеп, жанашырлық танытқандарыңыз үшін баршаңызға зор рақмет. Әсіресе емдеуші дәрігеріміз Қарлығаш Сымбековнаға ерекше алғыс айтамын. Сіздің кәсібилігіңіз, мейірімділігіңіз бен қамқорлығыңыздың арқасында қызымыз сауығып шықты. Сондай-ақ бөлімшенің барлық мейіргерлеріне және санитарларына ерекше алғыс білдіремін. Олар өз жұмыстарын өте ұқыпты, жауапкершілікпен және жоғары деңгейде атқарады. Әрдайым жылы жүзбен қарсы алып, науқастарға қамқорлық танытады. Барша бөлімше ұжымына зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке және кәсіби табыс тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, халықтың алғысына бөлене беріңіздер! Үлкен рақмет!

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының №4 бөлімшесінің ұжымына және емдеуші дәрігер Қожабаева Гауһар Қалдыбекқызына баламның сапалы ем алып, сауығып шығуына қосқан зор үлестері, жоғары кәсібиліктері мен жанашырлыққа толы мейірімді қарым-қатынастары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Науқас: Ақеляр Мұстаджа, 25.04.2013 ж.т.
Бөлімше: №4
Диагнозы: Зоонозды инфекция (тексерілу сатысында). Миалгиялық синдром.

Дәрігердің сауатты емдеу тактикасының, кәсіби біліктілігінің және бөлімше медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында баламның денсаулығы айтарлықтай жақсарып, сауығу жолына түсті.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, толағай табыстарға жетелей берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге мол жетістік тілеймін.


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК Саялы филиалы 3 бөлімшесінің кішкентай емделушілері мен олардың ата-аналары дәрігерлер мен мейіргерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Сіздер күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, қамқорлық пен мейірім сыйлап, олардың сауығып кетуіне үлкен үлес қосып келесіздер.

Ақ халатты абзал жандарға деген жылы лебізіңіз бен алғыс сөздеріңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арналған құттықтауларыңыз бен алғыс тілектеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте маңызды әрі құнды!


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-ның кішкентай емделушілері өздерінің дәрігерлері мен мейіргерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтайды.

Күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы лебізіңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арнап құттықтауларыңыз бен алғыс сөздеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте құнды!


 

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына және 6-бөлімшенің дәрігері Ордабек Карлыгаш Сембековнаға балаларымның сапалы емі, жоғары кәсібилігі және мейірімді қарым-қатынасы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Асқар Айкөркем, 14.12.2025 ж.

Диагнозы: ауруханадан тыс бронхопневмония, вирусты гастроэнтерит.

Асқар Дінмұхаммед, 14.06.2022 ж.

Диагнозы: ЭВИ, орташа ауырлықтағы ЖКФ, жедел бронхит.

Дәрігердің сауатты емінің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында балаларымның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз және өз мамандықтарыңызға деген шынайы жанашырлықтарыңыз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыс білдіруші, анасы.


 

Апорт Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Апорт филиалының ұжымына, сондай-ақ №3 «Модуль» бөлімшесінің дәрігерлеріне баламды сапалы емдеп, кәсіби шеберлік пен жанашырлық танытқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Менің балам — Төлен Алихан Азаматұлы, 09.05.2025 ж.т., «ЭВИ, жедел бронхит+ оң аяқтың тілмесі» диагнозымен, орташа ауырлық дәрежесінде ем қабылдады.

Емдеуші дәрігер Баймағамбетова Балжан Абдрахманқызына және бөлім меңгерушісі Қасымбекова Әлия Бейсенбайқызына ерекше алғысымды білдіремін. Дәрігердің білікті емінің, уақытылы көрсетілген көмектің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында баламның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыспен, анаcы.


 

Мен пациент Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы, 2026 жылғы 30 наурызда «Менингоэнцефалит» диагнозымен ауыр жағдайда Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен қызымыздың өмірін сақтап, оған жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткен барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Дария ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлер тарапынан жедел әрі кәсіби шешімдер қабылданып, шұғыл түрде консилиум ұйымдастырылды. Әрбір минуттың маңызды екенін түсініп, дер кезінде нақты диагноз қойылып, тиімді ем тағайындалды. Үздіксіз бақылау, жан-жақты әрі сапалы емдеу шараларының нәтижесінде қызымыз толық сауығып, қалыпты өміріне оралды. Бұл – ақ халатты абзал жандардың білімінің, тәжірибесінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.

Осы орайда, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ешибекова Жумагуль Рахымбердиевнаға, жоғары білікті мамандар, профессорлар Куттыкужанова Галия Габдуллаевнаға және Ералиева Ляззат Тасбулатовнаға, сондай-ақ №9 бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз біз үшін үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Сонымен қатар, Дарияның күтімі мен емін үздіксіз қамтамасыз еткен барлық дәрігерлерге, мейірбикелерге және кіші медицина қызметкерлеріне де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрбір науқас үшін баға жетпес қолдау екені сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, абырой мен құрмет тілейміз. Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, талай жанға өмір сыйлай берулеріңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен, Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы


 

Хочу выразить искреннюю благодарность врачам ДГКИБ, отделения Саялы, за профессионализм, внимательное отношение и заботу о здоровье моего сына — Масаидое Мухаммедамира Машрабая, гражданина Узбекистана, который поступил с диагнозом «острый тонзиллит».

От всей души благодарю:

  • Галыма Еркиновича,
  • Маншук Бакытбековну, а также старшую медсестру Назерке за чуткость, поддержку и высокий уровень медицинской помощи. Благодаря вашему труду, вниманию и доброте мой ребенок получил необходимое лечение и заботу.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и успехов в вашем благородном деле!

С уважением, мама пациента.


 

Құрметті дәрігерлер мен медбикелер!

Біздің кішкентай пациентіміз, 11 айлық Касенова Мариям және оның анасы Касенова Алмагүл, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Қызылша, пневмония» диагнозымен келгенде, сіздердің кәсіби қамқорлықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз арқасында Мариям толық сауығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ 1 бөлімшенің меңгерушісі Гулянда Абдыкаримовна мен емдеуші дәрігер Гаухар Калдыбековнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің мейірімділігіңіз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен ризамыз. Аналарға дер кезінде Қызылшаға қарсы екпе алуды сұраймын. Енді біз ешқашан қорықпаймыз, өйткені сіздердің қамқорлығыңыз әрдайым бар екенін білеміз.


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Біздің бүлдіршініміз, Жылыбек Диляраның анасы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының «Саялы» филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан кезінде көрсеткен ерекше мейірім мен қамқорлығыңыз үшін директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гүлназ Үсеновнаға, аға медбике Индира Кумисбаевнаға, сондай-ақ бөлімше медбикелері Қарлығаш, Диана, Айдана, Лаззатқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің әрқашан жылы қабақ танытып, көмектесуге асыққандарыңыз – біздің жүрегімізге қуаныш сыйлайды.

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке мерейіңізге қуаныш, отбасыңызға бақыт, ал жұмысыңызға шабыт әкелсін. Ақ халатты абзал жандарымыз әрдайым аман, мейірімді және бақытты болсын!


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар! Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының

Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Жайлаубаева Айниса атынан алғысымызды білдіреміз.

Жайлаубаева Қуаныш, Жайлаубаева Айниса– анасы

Алғысымызды білдіреміз:

  • Директордың орынбасары Руслан Артурович
  • Емдеуші дәрігер Гульназ Усеновна
  • Санжар Ерланұлы
  • Бөлімше медбикелеріне

Сіздерге балаларымыздың денсаулығына көрсеткен қамқорлығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.


 

Сіздің мейірімділігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Енді мен ешқашан қорықпаймын.

6 жастағы кішкентай пациентіміз Жардем Елхан 2026 жылдың 11 ақпанында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Менингоэнцефалит» диагнозымен түсті. 21 күн бойы үздіксіз ем қабылдап, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында құлан-таза айығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ профессор Куттыкужанова Галия Габдуллаевна, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Кененбаева Алия Гауазовна, 9-бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловна кішкентай жүрегімен шексіз алғыс білдіреді.


 

Здравствуйте!

В воскресенье мы с сыном поступили в Детскую инфекционную больницу с диагнозом «корь». После сдачи ПЦР-анализа нам было назначено и проведено необходимое лечение. Как отец, я очень переживал за состояние ребёнка.

Хочу выразить особую благодарность заведующей 1-го отделения Кулянде Адикаримовне за её чуткость, профессионализм и внимательное отношение. Также искренне благодарю всех врачей и медицинских сестёр, которые наблюдали и лечили моего сына.

В больнице поддерживается чистота, все лечебные процедуры проводятся тщательно и организованно, работа выстроена системно и находится под контролем. Чувствуется высокий уровень ответственности и профессионализма всего коллектива.

От всей души благодарю весь персонал за ваш нелёгкий труд, заботу и поддержку!

С уважением, папа Арзиева Алана


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Байзақов көшесі, 1-бөлімше ұжымына

Мен, Қаржауов Өміржанның анасы, шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз Шымкент қаласынан өте ауыр жағдайда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түстік.

Емдеуші дәрігеріміз, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Гауазовнаға, 1-бөлімше меңгерушісі Гуланда Абдыкаримовнаға, Зинаида Жумабековнаға және барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге шексіз ризашылығымды білдіремін.

Балам қызылша (корь) және пневмония диагнозымен ем қабылдады. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында балам сауығып, аяққа тұрды. Қазір Аллаға шүкір, ойнап-күліп жүр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

Құрметпен, Қаржауов Өміржанның анасы


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесі, 5-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Базарбай Алиханның анасы Жексенбаева Жүрсіннің дәрігерлерге алғысы:

«Мен Актау қаласынан келдім, емдеуші дәрігеріміз Кульманова Әсем Жұмағалиқызына алғысым шексіз. Сондай-ақ 5-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін. Менің баламды емдеп, барлық емін жасады, өте ризамын!

«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, 6-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Берікбол Қуандықтың анасы Алмолдаева Бибисараның алғысы:
«Емдеуші дәрігеріміз Исакулова Клара Жақсығалиевнаға алғысым шексіз. Сондай-ақ Саялы филиалы 6-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін.
«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.
Осы ұжымды басқарып отырған аға дәрігер Руслан Артуровичке де мың алғыс!
Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Снигирёв Омар, Текучёва Виктория анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гульназ Усеновнага аға медбике Индира Кумисбаевна және бөлімше медбикелеріне шынайы алғысын білдіреді.


 


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №3 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Муслимнің анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Жансая Курбанхожақызына, аға медбике Бақыт Бүкеновнаға және шаруашылық бикесі Иманова Айнурға шынайы алғысын білдіреді.

Тіршілік үшін судың маңызы қаншалықты жоғары болса, бала өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың еңбегі де соншалықты орасан зор. Жылы сөзіңізбен демеу болып, кәсіби біліктілігіңіз бен жанашырлығыңызды танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық пен толағай жетістіктер тілейміз.