Благодарность врачу от пациента

Благодарности пациентовВидео-благодарностиФото-благодарностиФайлы-благодарности

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
170 entries.
Бигазинова Камиля
Больницаның 5-бөлімше ұжымына алғысым шексіз! Әсіресе, бөлімшені басқарып отырған Гүлназ Үсеновнаға және барлық мейірбике қыздарға үлкен рақмет айтқым келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, адамгершіліктеріңіз бен науқастарға деген қамқорлықтарыңыз ерекше әсер қалдырды. Барлығыңыз өте білікті, өз ісінің нағыз мамандарысыздар. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Галым Еркинович
Уокер рахмет. Медсесраларга Арай Айнур Назерке Улкен рахмет тез жазылып кетумызге катты комектесты . Жаксы карады бизге❤️❤️
Аманжолова
Хочу выразить благодарность филиалу Саялы 6 отделение мед персоналу за их профессиональную поддержку заботу о детях бессонных ночей рядом с нами спасибо большое.
Кисаева Умит
Мен 1 жас 9 айлық ұлыммен Детский инфекционный больницаның 2 отделелениесінде жаттық.Осы отделениенің врач Мусабаев Тахир Фаритовичқа көп рахмет өз ісінің маманы және қызметкеліріде өте жақсы. Жалпы 2 отделение өте жақсы.
Аманкелді Аңсаған
Біз корьмен ауырып түскен едік бұл ауруханаға.Біз түскеннен бастап медсестралар жақсы қарады.Врачымыз Ғалым Еркиновичке көп рақмет барлық ем шараны жүргізді.Реанимацияға түстік асқыну процесі болып сол кезде көмек көрсетіп жүгірген врач Зульфич Мухудиноваға алғысым шексіз. Аға мейірбеке Әбдраманова Назеркеге алғысымды білдіремін күнде келіп біздің хал жағдайымызды сұрап бар көмегін аямай жасап жүрді.Барлық мед персоналдар мен мейірбикелерге Диляға,екінші Диля,Айтолқынға алғысымды білдіремін.Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер,алғысым шексіз.
Кааева Элина Русланова
Хочу выразить огромную благодарность медперсоналу 2 детской инфекционной. Медсестра и санитарки очень отзывчивые, добрые и приятные девочки. Спасибо им большое от Аскар Мухаммеда
Бағфтжан Шұғыла Ғабитқызы
Хочу выразить огромную благодарность всему коллективу второго отделения, команде Фарида Тахировича, врачам, медицинским сёстрам и всему персоналу за их профессионализм, заботу и внимательное отношение к пациентам. Мы находились здесь с ребёнком, и за всё время пребывания чувствовали себя в надёжных руках. Медицинский персонал очень бережно и внимательно относился к моему сыну: регулярно контролировали температуру, следили за его состоянием, интересовались, сколько он пьёт, кушает, как себя чувствует, внимательно наблюдали за всеми изменениями. Все процедуры, уколы, лекарства и витамины проводились с заботой и терпением. Особенно хочется отметить доброе отношение к детям. Несмотря на болезнь и непростое время, ребёнок не боялся персонала, потому что каждый сотрудник подходил к нему с теплотой и пониманием. Также хочется поблагодарить за чистоту и уют в отделении. Палата всегда была чистой, аккуратной и комфортной, что очень важно для скорейшего выздоровления детей. Спасибо вам за ваш нелёгкий труд, добрые сердца, терпение и человечность. Благодаря вам родители чувствуют спокойствие, а дети получают не только лечение, но и заботу. Желаю всему коллективу крепкого здоровья, благополучия, профессиональных успехов и благодарных пациентов! С искренней благодарностью, мама маленького пациента!
Бағфтжан Шұғыла Ғабитқызы
Хочу выразить огромную благодарность всему коллективу второго отделения, команде Фарида Тахировича, врачам, медицинским сёстрам и всему персоналу за их профессионализм, заботу и внимательное отношение к пациентам.
Масақбай Айдана Айдарқызы
Е-өтініш 4 отделение апорт Мен Жақсылық Еркежанның анасы дәрігер мен қызметшілерге алғысым шексіз, ауырып түскеннен біздің жағдайымызды жасап , қызымның көңілін аулап жауапкершілікпен қарады, әрбір қызмет көрсеткен 4 отделение қызметкелеріне алғысым шексіз! Денсаулықтары жақсы болып қызметінде жүре берсін!
Еркенбек Абдулғазиз
Мен Галым Еркиновичке жане де мейірбике санитаркаларга рахмет айтамын.Отделение тазалыгы балага деген караулары катты унады.Тамактары да дамди.дер кезинде комек корсетип баламыздын озимиздин тыныштыгын карап журеди. Осы отделениега жатканыма куанамын. Жылы сойлеседи адаммен сыйластыктары мамасы деп барин тусиндирип айтады. Катты унады рахмет сиздерге 2 кунде 9 айлык баламды жагдайын жаксартып жатсыздар. Сиздердей медицина кызметкерлери коп болсын.
Мағруп Фариза
Алғыс 10 бөлімшенің дәрігерлері мен медбике ханымдарына алғыс айтамын, 2ші рет жатуым ауруханаға, өз істеріне тиянақты, білікті, уақытылы істейді, вежливые. Бөлме тазалайтын тәтелерде өте таза, жиі палатаны тазалап тұрады, Елдосұлы Даниалдың анасы ретінде ұжымға алғысым шексіз! Медбикелердің жұмыстары 24 сағат аяқтарынан тік тұрып істейді, благодарна
Нуратдинова Дильназ
ИНФЕКЦИОННЫЙ БОЛНИЦА АПОРТ ЖАҚТАҒЫ.5 отделение ұжымына көп рахмет бәрі жақсы медсестраларда жақсы қарады . Астарыда дәмді.рахмет көп көп
Еркенбек Абдулғазиз
Мен Галым Еркиновичке жане де мейірбике санитаркаларга рахмет айтамын.Отделение тазалыгы балага деген караулары катты унады.Тамактары да дамди.дер кезинде комек корсетип баламыздын озимиздин тыныштыгын карап журеди. Осы отделениега жатканыма куанамын. Жылы сойлеседи адаммен сыйластыктары мамасы деп барин тусиндирип айтады. Катты унады рахмет сиздерге 2 кунде 9 айлык баламды жагдайын жаксартып жатсыздар. Сиздердей медицина кызметкерлери коп болсын.
Доржараева Айдана Айдана Берлибеккызы
Салеметсиздерма 7 отделения 5палата Абат Дамир Жанайулынын анасымын даригеримиз келди барин тусиндирип айтты баламды карады Алла разы болсын Фатима даригеримизге
Мағруп Фариза
Алғыс 10 бөлімшенің дәрігерлері мен медбике ханымдарына алғыс айтамын, 2ші рет жатуым ауруханаға, өз істеріне тиянақты, білікті, уақытылы істейді, вежливые. Бөлме тазалайтын тәтелерде өте таза, жиі палатаны тазалап тұрады, Елдосұлы Даниалдың анасы ретінде ұжымға алғысым шексіз! Медбикелердің жұмыстары 24 сағат аяқтарынан тік тұрып істейді, благодарна
Нуратдинова Дильназ
ИНФЕКЦИОННЫЙ БОЛНИЦА АПОРТ ЖАҚТАҒЫ.5 отделение ұжымына көп рахмет бәрі жақсы медсестраларда жақсы қарады . Астарыда дәмді.рахмет көп көп
Балабекова Еркеайым Нұрланбекқызы
Алғыс хат Ташкентский тракт, 535, Алматы, Теректи м-н, Алатауский район, мекенжайы бойынша орналасқан КГП на ПХВ ' Қалалық инфекциялық балалар ауруханасында- ұлым Дүйсенбай Сабырғ Энтеровирустық инфекциямен медициналық қызметі көрсетілді. Инфекциялық балалар ауруханасының ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін! Ұлым ауруханаға ауыр жағдайда түскен еді. Осындай қиын сәтте бізге кәсіби көмек көрсетіп, баламның сауығып кетуіне бар күш-жігерін салған бөлім меңгерушісі, емдеуші дәрігер Оспанбаева Баян Рысдәулетқызына ерекше алғыс айтамын. Өз ісінің білгірі ретінде дұрыс ем жүргізіп, небәрі 5 күн ішінде ұлымның денсаулығын қалпына келтіруге зор үлес қосты. Сонымен қатар аурухананың барлық дәрігерлеріне, мейірбикелеріне, кіші медициналық қызметкерлеріне және техникалық персоналына зор ризашылығымды білдіремін. Мейірбикелердің қамқорлығы мен мейірімі, науқастарға деген жанашырлығы ерекше сезілді. Әрқайсысы өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, балалардың тезірек сауығып кетуі үшін аянбай еңбек етеді. Сондай-ақ аурухананың бас дәрігеріне осындай білікті мамандардан құралған ұйымшыл ұжымды қалыптастырып, медициналық қызметтің жоғары деңгейде көрсетілуіне жағдай жасағаны үшін алғысымды жеткіземін. Сіздердің еңбектеріңіз баға жетпес. Ақ халаттарыңызға дақ түспесін, еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін! Ұлымның сауығып кетуіне себепкер болған барлық медицина қызметкерлеріне мың алғыс! 🙏🌹💐
Балабекова Еркеайым Нұрланбекқызы
Алғыс хат Ташкентский тракт, 535, Алматы, Теректи м-н, Алатауский район, мекенжайы бойынша орналасқан КГП на ПХВ ' Қалалық инфекциялық балалар ауруханасында- ұлым Дүйсенбай Сабырғ Энтеровирустық инфекциямен медициналық қызметі көрсетілді. Инфекциялық балалар ауруханасының ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін! Ұлым ауруханаға ауыр жағдайда түскен еді. Осындай қиын сәтте бізге кәсіби көмек көрсетіп, баламның сауығып кетуіне бар күш-жігерін салған бөлім меңгерушісі, емдеуші дәрігер Оспанбаева Баян Рысдәулетқызына ерекше алғыс айтамын. Өз ісінің білгірі ретінде дұрыс ем жүргізіп, небәрі 5 күн ішінде ұлымның денсаулығын қалпына келтіруге зор үлес қосты. Сонымен қатар аурухананың барлық дәрігерлеріне, мейірбикелеріне, кіші медициналық қызметкерлеріне және техникалық персоналына зор ризашылығымды білдіремін. Мейірбикелердің қамқорлығы мен мейірімі, науқастарға деген жанашырлығы ерекше сезілді. Әрқайсысы өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, балалардың тезірек сауығып кетуі үшін аянбай еңбек етеді. Сондай-ақ аурухананың бас дәрігеріне осындай білікті мамандардан құралған ұйымшыл ұжымды қалыптастырып, медициналық қызметтің жоғары деңгейде көрсетілуіне жағдай жасағаны үшін алғысымды жеткіземін. Сіздердің еңбектеріңіз баға жетпес. Ақ халаттарыңызға дақ түспесін, еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін! Ұлымның сауығып кетуіне себепкер болған барлық медицина қызметкерлеріне мың алғыс! 🙏🌹💐
Әсел
Мен Әсел Аскаркызы ұлым Мұстафа Мұхаммедали Тұрысбекұлы быз 3 оделение 14 палатада ем алып жаттык бызге Врачтар медсестралар бары жаксы карады адамдармен сойлесуы тусындыруы оте керемет оте карапайым акконыл жандар екен бызге оте керемет карады 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻барлыгына алгысым шексыз повор апайгада улкен рахмет тамактары оте дамды 😍👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻барлыгына алгысым шексыз табысты бола берыныздер енбектерыныз жана берсын денсаулыктарыныз мыкты болсын 🤲🏻 улкен рахмет😍😘👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Измаева Гоозаль
огромное спасибо всему персоналу больницы #5 филиал за вашу чистоплотность, заботу, доброту и внимание. Очень приятно находиться в месте, где поддерживают чистоту и относятся к людям с уважением. Благодарим за ваш труд!

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының №4 бөлімшесінің ұжымына және емдеуші дәрігер Қожабаева Гауһар Қалдыбекқызына баламның сапалы ем алып, сауығып шығуына қосқан зор үлестері, жоғары кәсібиліктері мен жанашырлыққа толы мейірімді қарым-қатынастары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Науқас: Ақеляр Мұстаджа, 25.04.2013 ж.т.
Бөлімше: №4
Диагнозы: Зоонозды инфекция (тексерілу сатысында). Миалгиялық синдром.

Дәрігердің сауатты емдеу тактикасының, кәсіби біліктілігінің және бөлімше медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында баламның денсаулығы айтарлықтай жақсарып, сауығу жолына түсті.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, толағай табыстарға жетелей берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге мол жетістік тілеймін.


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК Саялы филиалы 3 бөлімшесінің кішкентай емделушілері мен олардың ата-аналары дәрігерлер мен мейіргерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Сіздер күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, қамқорлық пен мейірім сыйлап, олардың сауығып кетуіне үлкен үлес қосып келесіздер.

Ақ халатты абзал жандарға деген жылы лебізіңіз бен алғыс сөздеріңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арналған құттықтауларыңыз бен алғыс тілектеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте маңызды әрі құнды!


 

РАХМЕТ, ДӘРІГЕР!

21 маусымда атап өтілетін Медицина қызметкері күні қарсаңында ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-ның кішкентай емделушілері өздерінің дәрігерлері мен мейіргерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтайды.

Күн сайын балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы лебізіңізді арнаңыз!

Сіз де қосылыңыз! Пікірлерде медицина қызметкерлеріне арнап құттықтауларыңыз бен алғыс сөздеріңізді қалдырыңыз. Сеніңіз, бұл олар үшін өте құнды!


 

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына және 6-бөлімшенің дәрігері Ордабек Карлыгаш Сембековнаға балаларымның сапалы емі, жоғары кәсібилігі және мейірімді қарым-қатынасы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Асқар Айкөркем, 14.12.2025 ж.

Диагнозы: ауруханадан тыс бронхопневмония, вирусты гастроэнтерит.

Асқар Дінмұхаммед, 14.06.2022 ж.

Диагнозы: ЭВИ, орташа ауырлықтағы ЖКФ, жедел бронхит.

Дәрігердің сауатты емінің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында балаларымның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз және өз мамандықтарыңызға деген шынайы жанашырлықтарыңыз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыс білдіруші, анасы.


 

Апорт Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Апорт филиалының ұжымына, сондай-ақ №3 «Модуль» бөлімшесінің дәрігерлеріне баламды сапалы емдеп, кәсіби шеберлік пен жанашырлық танытқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Менің балам — Төлен Алихан Азаматұлы, 09.05.2025 ж.т., «ЭВИ, жедел бронхит+ оң аяқтың тілмесі» диагнозымен, орташа ауырлық дәрежесінде ем қабылдады.

Емдеуші дәрігер Баймағамбетова Балжан Абдрахманқызына және бөлім меңгерушісі Қасымбекова Әлия Бейсенбайқызына ерекше алғысымды білдіремін. Дәрігердің білікті емінің, уақытылы көрсетілген көмектің және медицина қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында баламның жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен рақмет!

Ізгі тілекпен және алғыспен, анаcы.


 

Мен пациент Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы, 2026 жылғы 30 наурызда «Менингоэнцефалит» диагнозымен ауыр жағдайда Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен қызымыздың өмірін сақтап, оған жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткен барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Дария ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлер тарапынан жедел әрі кәсіби шешімдер қабылданып, шұғыл түрде консилиум ұйымдастырылды. Әрбір минуттың маңызды екенін түсініп, дер кезінде нақты диагноз қойылып, тиімді ем тағайындалды. Үздіксіз бақылау, жан-жақты әрі сапалы емдеу шараларының нәтижесінде қызымыз толық сауығып, қалыпты өміріне оралды. Бұл – ақ халатты абзал жандардың білімінің, тәжірибесінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.

Осы орайда, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ешибекова Жумагуль Рахымбердиевнаға, жоғары білікті мамандар, профессорлар Куттыкужанова Галия Габдуллаевнаға және Ералиева Ляззат Тасбулатовнаға, сондай-ақ №9 бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз біз үшін үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Сонымен қатар, Дарияның күтімі мен емін үздіксіз қамтамасыз еткен барлық дәрігерлерге, мейірбикелерге және кіші медицина қызметкерлеріне де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрбір науқас үшін баға жетпес қолдау екені сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, абырой мен құрмет тілейміз. Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, талай жанға өмір сыйлай берулеріңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен, Абдимажитова Дария Рауановнаның анасы


 

Хочу выразить искреннюю благодарность врачам ДГКИБ, отделения Саялы, за профессионализм, внимательное отношение и заботу о здоровье моего сына — Масаидое Мухаммедамира Машрабая, гражданина Узбекистана, который поступил с диагнозом «острый тонзиллит».

От всей души благодарю:

  • Галыма Еркиновича,
  • Маншук Бакытбековну, а также старшую медсестру Назерке за чуткость, поддержку и высокий уровень медицинской помощи. Благодаря вашему труду, вниманию и доброте мой ребенок получил необходимое лечение и заботу.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и успехов в вашем благородном деле!

С уважением, мама пациента.


 

Құрметті дәрігерлер мен медбикелер!

Біздің кішкентай пациентіміз, 11 айлық Касенова Мариям және оның анасы Касенова Алмагүл, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Қызылша, пневмония» диагнозымен келгенде, сіздердің кәсіби қамқорлықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз арқасында Мариям толық сауығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ 1 бөлімшенің меңгерушісі Гулянда Абдыкаримовна мен емдеуші дәрігер Гаухар Калдыбековнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің мейірімділігіңіз бен кәсібилігіңіз үшін шын жүректен ризамыз. Аналарға дер кезінде Қызылшаға қарсы екпе алуды сұраймын. Енді біз ешқашан қорықпаймыз, өйткені сіздердің қамқорлығыңыз әрдайым бар екенін білеміз.


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Біздің бүлдіршініміз, Жылыбек Диляраның анасы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының «Саялы» филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан кезінде көрсеткен ерекше мейірім мен қамқорлығыңыз үшін директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гүлназ Үсеновнаға, аға медбике Индира Кумисбаевнаға, сондай-ақ бөлімше медбикелері Қарлығаш, Диана, Айдана, Лаззатқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің әрқашан жылы қабақ танытып, көмектесуге асыққандарыңыз – біздің жүрегімізге қуаныш сыйлайды.

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке мерейіңізге қуаныш, отбасыңызға бақыт, ал жұмысыңызға шабыт әкелсін. Ақ халатты абзал жандарымыз әрдайым аман, мейірімді және бақытты болсын!


 

Құрметті ақ халатты абзал жандар! Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының

Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Жайлаубаева Айниса атынан алғысымызды білдіреміз.

Жайлаубаева Қуаныш, Жайлаубаева Айниса– анасы

Алғысымызды білдіреміз:

  • Директордың орынбасары Руслан Артурович
  • Емдеуші дәрігер Гульназ Усеновна
  • Санжар Ерланұлы
  • Бөлімше медбикелеріне

Сіздерге балаларымыздың денсаулығына көрсеткен қамқорлығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.


 

Сіздің мейірімділігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Енді мен ешқашан қорықпаймын.

6 жастағы кішкентай пациентіміз Жардем Елхан 2026 жылдың 11 ақпанында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Менингоэнцефалит» диагнозымен түсті. 21 күн бойы үздіксіз ем қабылдап, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында құлан-таза айығып шықты.

Аурухананың барлық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, сондай-ақ профессор Куттыкужанова Галия Габдуллаевна, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Кененбаева Алия Гауазовна, 9-бөлімшенің меңгерушісі Абдиразакова Саида Жамбыловна кішкентай жүрегімен шексіз алғыс білдіреді.


 

Здравствуйте!

В воскресенье мы с сыном поступили в Детскую инфекционную больницу с диагнозом «корь». После сдачи ПЦР-анализа нам было назначено и проведено необходимое лечение. Как отец, я очень переживал за состояние ребёнка.

Хочу выразить особую благодарность заведующей 1-го отделения Кулянде Адикаримовне за её чуткость, профессионализм и внимательное отношение. Также искренне благодарю всех врачей и медицинских сестёр, которые наблюдали и лечили моего сына.

В больнице поддерживается чистота, все лечебные процедуры проводятся тщательно и организованно, работа выстроена системно и находится под контролем. Чувствуется высокий уровень ответственности и профессионализма всего коллектива.

От всей души благодарю весь персонал за ваш нелёгкий труд, заботу и поддержку!

С уважением, папа Арзиева Алана


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Байзақов көшесі, 1-бөлімше ұжымына

Мен, Қаржауов Өміржанның анасы, шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз Шымкент қаласынан өте ауыр жағдайда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түстік.

Емдеуші дәрігеріміз, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Гауазовнаға, 1-бөлімше меңгерушісі Гуланда Абдыкаримовнаға, Зинаида Жумабековнаға және барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге шексіз ризашылығымды білдіремін.

Балам қызылша (корь) және пневмония диагнозымен ем қабылдады. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында балам сауығып, аяққа тұрды. Қазір Аллаға шүкір, ойнап-күліп жүр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

Құрметпен, Қаржауов Өміржанның анасы


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесі, 5-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Базарбай Алиханның анасы Жексенбаева Жүрсіннің дәрігерлерге алғысы:

«Мен Актау қаласынан келдім, емдеуші дәрігеріміз Кульманова Әсем Жұмағалиқызына алғысым шексіз. Сондай-ақ 5-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін. Менің баламды емдеп, барлық емін жасады, өте ризамын!

«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, 6-бөлімшесінде емделген бүлдіршініміз Берікбол Қуандықтың анасы Алмолдаева Бибисараның алғысы:
«Емдеуші дәрігеріміз Исакулова Клара Жақсығалиевнаға алғысым шексіз. Сондай-ақ Саялы филиалы 6-бөлімшенің барлық ұжымына зор ризашылығымды білдіремін.
«Ақ халатты абзал жандар» деп бекер айтылмаған — сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз бізге үлкен үміт пен сенім сыйлады.
Осы ұжымды басқарып отырған аға дәрігер Руслан Артуровичке де мың алғыс!
Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №5 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Снигирёв Омар, Текучёва Виктория анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Гульназ Усеновнага аға медбике Индира Кумисбаевна және бөлімше медбикелеріне шынайы алғысын білдіреді.


 


 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының Саялы филиалы, №3 бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршініміз Муслимнің анасы директордың орынбасары Руслан Артуровичке, емдеуші дәрігер Жансая Курбанхожақызына, аға медбике Бақыт Бүкеновнаға және шаруашылық бикесі Иманова Айнурға шынайы алғысын білдіреді.

Тіршілік үшін судың маңызы қаншалықты жоғары болса, бала өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың еңбегі де соншалықты орасан зор. Жылы сөзіңізбен демеу болып, кәсіби біліктілігіңіз бен жанашырлығыңызды танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық пен толағай жетістіктер тілейміз.